Санатталмаған

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Ақментай Есбаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар, яғни Біртілек ауылдық округіндегі №13 Т.Бегелдинов мектебі, Ақтөбе ауылдық округіндегі емхана ғимараттарында жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен, сонымен қатар мектеп түлектеріне ұлттық біріңғай тестілеу өткізетін №1 О.Есимов мектебінде болып, дайындығын пысықтады.

Аудан басшысы алдымен ҰБТ өтетін мектепте болып, дайындықпен танысты. Аралау барысында бірнеше кемшіліктерді байқап, мектеп басшылығымен тест орталығының өкілдеріне сын-ескертпелер жасады. «Биылғы жылы ҰБТ жылдағыдан басқа жағдайда өтеді. Өздеріңізге белгілі әлемді шарпыған тәжвирус елімізді де айналып өтпеді. Барлығыңызға қатаң тапсырамын: бірінші орында оқушылардың қауіпсіздігі. Олардың денсаулығы. Сол үшін карантин талаптарын қатаң сақталуын ұйымдастырып, қадағалаңыздар» – деді аудан әкімі. Өз кезегінде ұйымдастырушылар оқушыларды кіре берісте дезинфикциялық өткелден өтіп, антисептик және бетперделі режиммен, аудиторияда шахмат үлгісінде отырарын баяндады.

Аудандағы құрылыс нысандарын аралау барысында әр нысан басындағы құрылыс компанияларының жетекшілері жалпы жұмыс барысын баяндады. Сұқбат барысында аудан әкімі әр ғимаратты соңғы заман талабына сай етіп жабдықтауды, сонымен қатар, жұмысшылар жергілікті жерден тарта отырып, карантин талаптарын яғни, бетперделі режимді сақтау керектігін басты назарға ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, Келес ауданында жұмыспен қамту жол картасы аясында 3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс ағымдағы жылдың мамыр айында басталды, аяқталу уақыты 5 айды құрайды. Дегенммен мердігерлер жұмыс барысының жылдам жүріп жатқанын ескеріп, тамыз айында аяқталуын айтуда. Аталған бағдарламаның тиімділігі мердігер мекеме өкілдері жұмысқа жергілікті тұрғындарды тарта отырып, карантин уақытында жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту болып табылдады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру