Ақпарат

ГАЗДЫҢ ШЫҒУ ҚАУПІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков табиғи газдың шығу қаупін қашықтықтан анықтауға арналған лазерлік технологиялармен жабдықталған зертхананың жұмысымен танысты. Елдімекендерді газдандыруда қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Бұл ретте заманауи ДЛС-АВТО («Пергам») мобильді зертханасы ұтымды шешім ретінде қаралып отыр.
Зертхана жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды.
Жер асты газ шығу қаупін контактсыз диагностикалайды. Бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, газдың шығуын қашықтықтан анықтайтын озық жүйені республикада алғашқылардың қатарында Шымкент әкімдігі жүзеге асырып отыр. Бұл мегаполистің инженерлік жүйелерін дамытып, қауіпсіздік шараларын қамтуда маңызды қадам болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

Танымал журналист халықты кімдер басқарып отырғанын ашық айтты

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНАДЫ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА БАТЫР АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia