Ақпарат

АРЫСТА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Арыста қала күні мерекесі қарсаңында Жиделі ауылының тұрғындары көгілдір отынға қосылды. Игі шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, мердігер мекеме өкілдері, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Шаһар басшысы ауыл халқына ізгі тілегін жеткізіп, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары да игілікті істің жалғасын табарына сенім білдіріп, ауылға жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді.

Жоба аясында ауылдағы 311 абонент, яғни 2 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Байырқұм мен Көкжиде елді мекендері көгілдір отынға қосылған болатын. Ендігі кезекте Аққала ауылын газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХТЫҢ ТІРІ КУӘГЕРІ – ҚАЗЫНАЛЫ МҰРА-МИРАСЫМЫЗ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДА ҚҰНЫ 152 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 99 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia

КӘСІПОДАҚ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia