Санатталмаған

КОРОНАВИРУСТЫ ҚАПЕРГЕ АЛМАҒАН ҚАТЕРГЕ ҰРЫНАР

AzatMedia. 2020 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша елімізде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 630 тасымалдаушы тіркелді. Шымкент қаласы бойынша олардың саны – 395 (+30). Ал Нұр-Сұлтан қаласында – 385 (+53) Алматы қаласында – 421 (+130).

3 маусымнан бастап Қазақстанда асимптомикалық коронавирус тіркеле бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 1696 асимптоматикалық коронавирус тасымалдаушысы тіркелген. Алайда, COVID-19-дың асимптоматикалық түрімен тіркелгендер жалпы статистикаға енгізілмейді.

Асимптоматикалық жағдайлар COVID-19 вирусының бастапқы кезеңі болып есептеледі. Бұл жағдайда адам белгілердің басталуынан 2-3 күн бұрын жұқпалы болады. Пандемияның асимптоматикалық бағыты аурудың барлық кезеңінде симптомдардың болмауымен ерекшеленеді.

Коронавирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары қаншалықты қауіпті? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары ауру белгісі жоқ науқастар вирусты екінші бір адамға жұқтырмайтынын айтады. Осыдан 3 күн бұрын, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова да өзінің журналистерге берген сұхбатында асимптоматикалық тасымалдаушылар аз жұқпалы болады. Егер сіз қашықтықты сақтап, бетперде киетін болсаңыз – бұл, әрине, инфекциядан қорғайды деп мәлімдеген болатын.

Сақтықта қорлық жоқ екенін ескеріп, барлық сақтық шараларын қатаң сақтауды ұмытпағанымыз жөн. Әсіресе, көпшілік орындарда түшкіру әдебі мен маскалық режимді әдетке айналдыруымыз керек.Өйткені, біз сақтық шараларын сақтамағанымызда тек өзімізге емес, айналамыздағы барлық адамдарға қауіп төндіреміз.

Сақтық шараларын тағы бір рет естеріңізге сала кетейік. Жеке бас гигиенасы қол жуудан басталады, ол бірінші орында. Дәрігерлердің кеңестерін орындап, күніне 2 рет қызуыңызды өлшеп, бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.Үйде және көпшілік орындарда антисептикті қолданып, қолыңызды таза ұстаңыз. Көпшілік орындарда жөтел гигиенасын сақтаңыз. Әрбір түшкіруден немесе жөтелден кейін бір рет қолданылатын майлықты қолданыңыз, оны алғашқы қолданғаннан кейін тастауды ұмытпаңыз. Өз денсаулығымыз – өзіміздің қолымызда.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ 14 ЖЫЛЫТУ ПУНКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА 2 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ «ЖАРЫҚ» МЮЗИКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА 70 ТОННАҒА ЖУЫҚ БИДАЙ ЖЕТКІЗІЛДІ

azatmedia

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖЫЛ БАСЫНАН ОРТАЛЫҚТА 800-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАБЫҚ ҮЛГІДЕГІ КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру