Санатталмаған

САНИТАРЛЫҚ НОРМАНЫ САҚТАУЫ БОЙЫНША РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

AzatMedia. Шымкент қаласының аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкім аппараттарының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтары Шымкент қаласының Жібек Жолы, Рысқұлов, Алдияров, Мақталы, Уалиханов, Нұршашу, М.Маметова, Мақталы, Б.Момышұлы, Қазиев, Қабанбай батыр, Жангелдин, Байтұрсынов, Тәжібаев, Ерманов, Төле би, Арғынбеков, Бәйдібек би, Төреқұлов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, «Теріскей» мөлтек ауданы, «Шапағат» мөлтек ауданы, «Авто-Нұр» базары, «Бозарық» саяжайында орналасқан нысандарға мониторинг жүргізді.

Осылайша мамандар 77 нысанды тексерді.Оның ішінде, тамақтану орындары мен базар, өндіріс орындары бар.

Сонымен қатар бүгін
Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылды.

Ал, қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы дәріленді. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмыстары мен 64 автопарк, 323 бағыттағы автобус қамтылды.

Мониторингпен қамтылған нысандардың барлығында коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу жөнінде санитариялық – ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шаралары жөнінде кеңестер берілді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру