Қоғам

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢСЫЗ КОНТЕНТ БҰҒАТТАЛДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген. Басқарма қызметкерлері азаматтардан түскен өтініштер негізінде алаяқтық деректерді анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемір мәлімдеді.

«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен ауқымды түрде жүргізілген арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып 13 күдікті тұлға қамауға алынды. Қазіргі таңда құрықталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жалғасуда. Қылмыстық топтың республика көлемінде 200-ден астам қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ, Полиция департаменті және Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум аясында полиция қызметкерлерімен студенттер бірлесіп жыл басынан «Кибернадзор» жүйесі арқылы 2 060 құқыққа қайшы контенттер бұғатталды. Түркістан облысы аумағында орналасқан білім беру мекемелерінде мұғалімдер мен студенттерге жалпы 350 ауқымды жиналыс өткізілді»-деді сала маманы.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

Полицейлер интернет-алаяқтардан сақтануға шақырды

azatmedia

Өрт жағдайында не істеу керек?

azatmedia