Ақпарат

САРЫАҒАШ: ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көше жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстары қолға алынды. Аталған жұмыстар Сарыағаш аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес “Таза Қала” КММ тарапынан жүзеге асырылуда.

Осы ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс барысымен арнайы танысып, көшелерді жаяу аралады. Аралау барысында аудан әкімі аталған жоба қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жоспарға сәйкес Сарыағаш қаласына қарасты жалпы саны 28 көшеге көше жарық шамдарын орнатылады. Бүгінгі таңда қала аумағындағы 4 көшеде жарықшамдарын орнату жұмыстары басталып, жүйелі түрде жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТАЗА АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

azatmedia

Жолдар мен көше жарығы ауылда бар

azatmedia

САРЫАҒАШТА КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

azatmedia