Ақпарат

САРЫАҒАШТА ИНВЕСТ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімдері қатысты. Аудан басшысы жаңа өндіріс орындары ауданымыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмаларды мерзімімен жүктеді.Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытында бекітілген жол картасындағы жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыстың негізгі мақсаты – әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Қатысты жаңалықтар

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ROBOPARK ЛИГА X ЖАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

azatmedia

ОТЫРАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ 53 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН

azatmedia