Санатталмаған

ЖОЛ ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

AzatMedia. Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт әзірбайжандық «Эвраскон» мекемесі іске асырып жатқан аудан орталығындағы жол кеңейту жұмысының сапасын тексерді.

«Алматы-Термес» А2 республикалық маңызы бар жолдың аудан орталығы Т.Рысқұловтан өтетін 613-620 шақырырымын (7 шқ) кеңейту бойынша жұмыстар бүгінгі таңда қарқынды жүруде. Бұл жерде жолдың екі жақ беті орта есеппен 1,5-3 метрге кеңейтіліп, науа(лоток) мен жиек тас(бардюр) орнатылады.

Содан соң, аудан басшысы «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінен аудан орталығы бағытындағы (Шұқырбұлақ развязка) жол торабына табан тіреді. Бұл жерде аудан әкімі жол құрылысына жауапты мердігер мекеменің өкіліне жол құрылыс барысында кеткен кемшілік тұстарын көрсетіп, оларды ретке келтіру бойынша және қыс мезгілінде бораннан жабылу қауіпі бар жол бойларына қар бөгеттерін қоюды тапсырды.

Сондай-ақ, жол сапасын тексеру барысында Нұрлан Мархабатұлы «Эвраскон» мекемесінің өкілімен Түркістан облысы мен Жамбыл облысы шекарасындағы жер асты өткелінің жобасын егжей-тегжейлі талқылады.


Екі жақтамалы өткелдің бүгінгі таңда оң жақ өткелінің 580 метрі жасалынып, 260 метрі қалып тұр. Ал, сол жақ өткелінің 18 метрі ғана аяқталмаған. Сол жақ өткелінде кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарт бойынша нысанның құрылыс жұмыстары 2020 жылдың шілде айында аяқталып, пайдалануға берілу керек болатын. Алайда, бүгінгі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аталмыш мекемені қаржыландырып отырған екінші деңгейлі банктер тарапынан кедергілер туындауына байланысты жұмысы біршама уақыт тоқтап, бүгінгі таңда қайта жанданып отыр.

Жол құрылысын аралап болған соң аудан басшысы «Эвраскон» мекемесінің өкіліне жолдың сапасына ерекше көңіл бөліп, бекітілген мерзімінен кешіктірмеу қажеттілігін ескерді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру