Ақпарат

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Созақ ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан құрылыс нысанында сапаға баса мән берілген.

Жолдың жалпы ұзындығы 13,3 шақырымды құрайды. Орташа жөндеу жұмыстары кезінде ескірген асфальт жабыны алынып, 2 қабат жаңа асфальт жабындысы төселді. Сондай-ақ, жарамсыз су өткізгіш құбыры ауыстырылып, қауіпсіз жол жүрісін қамтамасыз ету мақсатында Қозмолдақ елді мекені ішіне жасанды жол кедергісі орнатылды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІГІН ЦЕХЫНДА ЖЫЛЫНА 250 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРНАЙЫ ЖҰМЫС КИІМІ ТІГІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

azatmedia

БИТУМ ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚУАТЫМЫЗДЫҢ АРТУЫН ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia