Санатталмаған

ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

AzatMedia. «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында шағын бизнесті қолдаудың жаңа бағыты іске асырылады . Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

– Шағын бизнесті қолдау маңызды болып отыр. Кредиттер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу – шағын және орта бизнестің, әсіресе, микробизнестің даму факторы. Сондықтан «Бизнестің жол картасы – 2025» мембағдарламасына «микро және шағын бизнесті микрокредиттеу» жаңа бағыты қосылады», – деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.

Жаңа бағыт 6 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді. Несие көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес субъектілері кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты. Даму қоры негізгі займның 85 пайызына дейін кепілдендіреді.

«Жаңа бағыт «Бизнестің жол картасы – 2025» мембағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, рәсімдер мен екінші деңгейлі банктерді тартуды талап етеді. Сондықтан, жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр, – деді Дәленов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру