Ақпарат

САРЫАҒАШТЫҚ ШАРУАЛАР ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫН САТЫП АЛУДА

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басты салаларының бірі. Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін заманауи технологиялармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.Осы ретте, Сарыағаштық агроқұрылымдар мен шаруа қожалықтары ескі техникаларды жаңартып, соңғы үлгідегі заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған. 2024 жылы 79 – трактор, 4 – комбайн, 23- ауыл шаруашылығы агрегаттары сатып алынған болса, 2025 жылдың 5 айында 32 – трактор, 1-комбайн, 13 – агрегат жаңаланған. Бұл қадам еңбек өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды жеңілдетуге айтарлықтай мүмкіндік береді.Жаңартылған техника паркі жер жырту, егін егу, ору, суару сияқты маңызды жұмыстарды сапалы әрі уақытылы жүргізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, жанар-жағармай шығындарын азайтып, экологиялық талаптарға сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Мемлекет тарапынан да шаруаларға қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған агроқұрылымдарға кеткен шығынның 30%-ына дейін мемлекеттік бюджеттен субсидиялау қарастырылған. Бұл қолдау механизмі шаруалардың жаңа техника сатып алу мүмкіндігін кеңейтіп, ауылдық жерлерде техникалық жарақтандыру деңгейін арттырып келеді.Сарыағаш ауданында алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АБАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

azatmedia

ЕҢБЕКТЕН АЛЫСТАУ МАСЫЛДЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

azatmedia