Ақпарат

САРЫАҒАШ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Дарбаза елді мекенінде орналасқан «Шаркул Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына арнайы барып, өндірістік процесті аралап көрді. Ферма жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Кездесу барысында ферма басшылығы жобаның алдағы даму жоспарларымен бөлісіп, өнім көлемін ұлғайту мен сүт өңдеу бағытын қолға алу жайында ұсыныстарын жеткізді.

Ферма басшылығының айтуынша қазіргі таңда 1080 бас ірі қара мал өсіріліп, 400 сауынды сиырдан тәулігіне 7 тоннаға дейін сүт өндіріледі. Заманауи технологиялармен жабдықталған кешенде мал азығын дайындау, сауу, сақтау және тасымалдау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Кәсіпорында 30 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс істеп келеді.

-Ауыл шаруашылығын дамыту — аудандағы басты бағыттардың бірі. Мұндай сүт фермалары – азық-түлік қауіпсіздігі мен халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, – деді аудан әкімі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ДОСТЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

АРЫСТА 2 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

azatmedia