Ақпарат

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БЕКБОСЫНОВ КӨШЕСІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жұмыс барысымен Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Бекбосынов көшесінің құрылыс барысымен танысты.Жалпы 2025 жылы аудан көлемінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш ауылдық округ (Майлыкент, Машат, Ақбиік) аумағындағы бес ауылда – Т.Рысқұлов, Бақыбек, Ақбиік, Машат, Құлан елді мекендерінде жалпы 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Атап айтқанда:- Машат ауылында: Әбілдабек, Мырзабаев, Медетов, Кәрібаев, Бекбаев көшелері;- Т.Рысқұлов ауылында: Бекбосынов, Садықов, Құланды, Зерде, Абиров көшелері;- Бақыбек ауылында: Достық көшесі;- Ақбиік ауылында: Сәулетбек, Ақниет көшелері;- Құлан ауылында: Жастар, М.Әуезов, Атамекен, Достық, Бейбітшілік көшелері жөндеуден өтуде.Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Бекбосынов көшесі — ауыл ішіндегі негізгі жолдардың бірі. Жол жөндеу жұмыстарын “Мақтааралдорстрой” ЖШС жүзеге асыруда. Мердігер мекеменің мәліметінше, бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоспарға сәйкес, жол маусым айының соңына дейін толық пайдалануға беріледі.Аудан әкімі мердігер компанияның өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапасы мен уақытылы орындалуына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жол құрылысы кезінде тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.Жаңартылып жатқан Бекбосынов көшесі ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, көлік қатынасын да едәуір жеңілдетпек. Бұл өз кезегінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында сор шаю үшін 400 млн текше метр су берілді

azatmedia

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

azatmedia

«АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia