Ақпарат

Келес пен Шардараның даму бағыттары сараланды

Түркістан облысының Шардара ауданында «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Жиынға «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, Шардара және Келес аудандық мәслихаттарының төрағалары, сондай-ақ партияның аудандық филиалдарының мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Кеңестің негізгі мақсаты – өңірлердің өзекті мәселелерін талқылау және партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын бақылау.
Жиын барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, сонымен қатар «Amanat» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының орындалу барысы туралы баяндамады.
Көшпелі отырыс аясында қатысушылар аймақтың даму басымдықтарын, өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ МАУСЫМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

azatmedia

«Аяусыз жазаланады». Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандарға ескерту жасады

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia