Санатталмаған

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AzatMedia. Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында Жобалық Кеңсенің алғашқы отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде жобалық рөлдерді және басшылардың жеке жауапкершілігі мен жобалық кеңсенің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, ҚР Үкіметінің экономикалық өсуді осы жылдың соңына дейін қалпына келтірудің кешенді жоспарын Шымкент қаласында жүзеге асыру сынды 3 мәселе қаралды.

Қала басшысы аталған жобаны тиімді жүзеге асыру үшін арнайы индикаторлық жүйеге қосылуға тапсырма берді. Ол аудан, басқарма басшылары мен әкім орынбасарларының жұмысын онлайн түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

– Осы индикатор арқылы біздің істеген жұмысымыздың нәтижесі онлайн түрде көрінеді. Әсіресе пандемия кезінде өте тиімді. Аталған жоба алғаш болып Шымкентте қолға алынып жатыр. Сондықтан осы жұмысты шын көңілмен, бірігіп жасауға шақырамын,-деді М.Әйтенов.

Айта кетейік, Жобалық кеңсенің негізгі міндеті қала деңгейіндегі проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

«Қазақ прозасының көрнекті тұлғасы – Сайын Мұратбеков» атты әдеби сағат өтті

azatmedia

Отбасылық оқу – ұрпақтар сабақтастығы

azatmedia

Жаңабазарда «Дара тұлға – Абылай хан» атты кітапханалық сағат өткізілді

azatmedia

Жазғы демалыс – кітаппен

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

azatmedia

2026 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «БӨЛІНГЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ӘРІ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ»

azatmedia

ОҚЫРМАН ПІКІРІ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!

azatmedia

Пікір қалдыру