Ақпарат

Жаңа топтық су құбыры Түркістан облысын сумен тұрақты қамтамасыз етеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскадымен бірге топтық су құбырын салу жобасына жеке инвестиция тартты.Жоба аясында ұзындығы 12 шақырымдық туннель қазу, ұзындығы 40 шақырым болатын су құбырын, су жинау қоймасын және Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылындағы су тазарту станциясын салу, сондай-ақ бес шағын гидроэлектр станциясынан тұратын каскад салу көзделген.Бұл жоба Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның қуаттылығы – жылына 110 млн текше метр ауыз су және сағатына 72 мегаватт электр энергиясы. Бұл өңірге қосымша энергетикалық қуат береді.«Министрлік Қазақстанның су шаруашылығына жеке инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жобаны іске асыру 600-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, оның ішінде 500-і уақытша және 160-ы тұрақты жұмыс орны. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ» АТТЫ ЭТНОКВЕСТКЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

azatmedia

Алматыда 1887 жылы болған зілзала қайталануы мүмкін бе?

azatmedia

АРМАН АБДУЛЛАЕВ ЖҰМЫСТЫҢ ҮЗДІКСІЗ ӘРІ ТИІМДІ ЖҮРГІЗІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МІНДЕТТЕДІ

azatmedia