Ақпарат

ЖОСПАРДА ҚАМТЫЛҒАН ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Барлық азаматтарға бірдей тең мүмкіндіктер берілетін инклюзивті қоғам қалыптастыру – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған түбегейлі реформалардың маңызды тармағы екені белгілі. Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар қабылданып, оның аясында мүгедектік профилактикасы мен алдын алу, білім алуға қолжетімділік, кедергісіз орта, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері қарастырылған.
Қазақстан қоғамы тең құқықтар мен мүмкіндіктердің алаңына айналуы керек деген қағидатты қызметінің басты бағдары етіп белгілеген «AMANAT» партиясы, қоғамда инклюзивті тәсілдерді іске асыруға баса мән беріп келеді. Соның ішінде ерекше қажеттілгі бар азаматтардың мүддесін қорғауда «Кедергісіз келешек» жобасын іске асырып, партияның Сайлауалды бағдарламасында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамға бейімделуін қамтуда оңалту орталықтарының салынуын, тиімді экожүйе қалыптасуын үйлестіруде.
Осы міндет шеңберінде, партия бекіткен Сайлауалды бағдарламаны Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында Сауран ауданы, Оранғай ауылында орналасқан 200 орындық 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысы жоспарланған болатын. Медициналық және әлеуметтік маңызы орасан бұл нысанның ашылуы бүгін, ұлтымыздың ұлық мерекесі – Республика күніне орайластырылып, жаңа ғимараттың пайдалануға беру рәсіміне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, тағы да басқа ресми тұлғалар мен Түркістан облыстық мәслихатының бірқатар депутаттары қатысты.
«Самғау» атауын иеленген бұл оңалту орталығы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес салынып, құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Жаңа нысанның негізінде жартылай стационарлық үлгідегі «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Атап өту керек, орталық заманауи оңалту құралдарымен жабдықталған. Олардың қатарында «Локомат» оңалту кешені – жүру дағдыларын қалпына келтіруге арналған робот-ортопедиялық тренажер да бар. Сонымен қатар, оңалту шараларын өткізу үшін қол моторикасына арналған көп функционалды үстел, прессотерапия аппараты, қысқа толқынды терапия аппараты, буындарды үздіксіз пассивті дамытуға арналған аппарат, радиалды соққы толқыны терапиясы аппараты қарастырылған.
Денені қалпына келтіру және стресс пен психосоматикалық ауруларды жеңуде орталық өз пациенттеріне релаксацияның кешенді процедураларын ұсынатын болады. Оның ішінде қанның оттегімен қанығуын арттырып, дененің қорғанысын қалыптастыруда тұз шахтасы, психоэмоционалды күйді қалыпты ұстауда қысқы бақ, емдік шөптерден жасалған сусындармен табиғи тепе-теңдікті қалыпқа келтіруде фитобар, спорттық іс-шаралар арқылы ем жүргізуде спорт залы қарастырылған.
Жартылай стационарлық оңалту орталығының қызметі арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға 6 айға дейінгі мерзімге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған. Қолданыстағы стандартқа сәйкес, орталық кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін, оның ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсететін болады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркеуге алынған болса, оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж болып табылады. Жаңа орталықта оңалтудың толық курсы 27 күнді құрайды және мұнда бір мезгілде 200 адамға оңалту қызметін көрсету мүмкіндігі бар. Сәйкесінше, жыл сайын 2,5 мыңға жуық мүгедектігі бар азаматтар жыл бойына жоғары сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСТАРДЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

azatmedia

Індет жұқтырған дәрігер әлі өтемақысын ала алмай жүр

azatmedia

ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia