Ақпарат

AMANAT: КЕЛЕСТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Мемлекет басшысының инклюзивті ашық қоғам құру жөніндегі міндеттерін орындауда және жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижелерін көрсетуде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы шалғай елді мекендерде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіп жатқаны белгілі. Бүгін осы санаттағы келелі жиынымыз Келес ауданы, Бесқұбыр ауылында ұйымдастырылып, өткізілді. Келестік тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, олардың шешім табу үрдістерін азаматтармен бірлесе отырып қарастыру, жергілікті жердегі халықтың толғанысына айналған мәселелерді өзектендіру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету міндетін атқарған басқосуымызға, облыстық деңгейдегі мемлекеттік атқарушы органдардың жетекшілері, құқық қорғау органдарының жауапты өкілдері, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың басшылары, депутаттық корпустың өкілдері, Келес ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысып, ауыл азаматтары көтеріп жатқан мәселелерді тыңдады. Көшпелі қоғамдық қабылдауға қатысқан партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев азаматтардың өтініштерін оңтайлы шешу мәселесі – партиямыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін айтты. «Халықтың сеніміне лайықты болуда, берген уәделеріміздің сапалы әрі уақтылы орындалуын үйлестіріп келеміз. Осы орайда, жыл басынан бері партиямыздың Түркістан облыстық филиалына азаматтардан 14 мыңнан астам өтініш-тілек келіп түсті, оның ішінде 8690 өтініші немесе барлық шағымдардың 62 пайызы оң шешімін тапты. Шалғай елді мекен тұрғындары үшін көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді қолға алдық. Осы топтардың құрамына заңгер, адвокаттармен қоса, 50-ден астам мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері енді. Олардың қатысуымен 8 ауданның 10 шалғай елді мекендерінде қоғамдық қабылдау жиындарын өткізіп, бұл басқосуларымызда 86 ауылдың мәселелері қаралды», – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауданда маңызды кездесудің өтуіне ұйытқы болған «AMANAT» партиясының өкілдеріне аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді. Сенім мен ашықтыққа негізделген диалогтың арқасында көптеген мәселелер шешім табатынына сенімді екенін жеткізіп, келелі кездесу жемісті болады деген үмітін білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша, азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін салалық мемлекеттік органдарға және өзге де жауапты құрылымдарға тікелей жеткізуге мүмкіндік алып, көтерген сауалдары бойынша заңда көзделген тәртіпте жауап алды. Кейбір өзекті мәселелер тиісті хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынған болса, кейбір азаматтардың өтініштері шеңберінде қосымша зерделеу жұмыстары атқарылатын болып шешілді.Мәселен, Қошқарата ауылы Алғабас елді мекенінің тұрғыны Айсара Қосжанова Наурыз көшесінде жаңадан салынған 7 үйге келетін электр желілері бағаналарын ауыстырып беруді өтінді. Жауапты өкілдер талапқа сай келмейтін бағаналарды ауыстырып беруге мүмкіндік бар екенін айтты және бұл мәселе партиямыздың бақылауына алынды. Ұшқын ауылдық округі Достық ауылынан келген тұрғын ауылда фельдшерлік акушерлік пункт салу мәселесін көтерді. Тұрғынға бұл бағытта қабылданған жоспар туралы ақпарат беріліп, ауылда тиісті медициналық ұйым салу мәселесі алдағы екі жылда түпкілікті шешім табатыны айтылды. Осы санатта Ұшқын, Жүзімдік ауылдық округтерінен келген азаматтар да ауылдарынан мәдениеті үйлерін салу бастамаларын көтеріп, өтініштерін білдірді. Ауыл тұрғындарының бұл өтініштері де партия филиалының назарына алынды.Азаматтардың өтініштерін тыңдау барысында жол сапасын арттыру, ауылдардың ішкі жолдарын ретке келтіру, ағын су мәселесін шешуге жәрдем көрсету, тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды жаңарту, тұрғын үйлер мен жер телімдерін заңдастыру мәселелері көптеп қозғалып, халық сұраныстарын шешуде құқықтық кеңестер берілді, мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары көрсетілді.Тұрғындар көтеріп жатқан мәселелердің шешім табуында партияның өңірлік филиалы аудан әкімдігімен және облыс әкімдігінің салалық басқармаларымен тығыз байланыста жұмыс жүргізетін болады. Осы орайда, жергілікті әлеуметтің сұраныстарын орындауда аудандық мәслихаттың, жергілікті партиялық құрылымдардың орны айрықша маңызды деп білеміз. Партияластарымыз алға қойған міндеттерді орындауда жұдырықтай жұмылып алдағы уақытта да бірлігін көрсете береді деген сенімдеміз.

Қатысты жаңалықтар

«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Еңбек адамы – Умаров Дилшад

azatmedia

«Халық қарғысы» деген медаль шығарып, тарату керек» – журналист

azatmedia