Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті.Келелі кеңеске облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің аудан, қалалардағы төрайымдары мен олардың орынбасарлары қатысты. Іс-шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева ҚХА-ның XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру аясында 13 арнайы жоба бекітілгенін, бұл ретте ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің үлесіне «Салауатты сана» жобасы жүктелгенін атап өтті.Осыған сәйкес, жиында аталған жобаның аудан, қалаларда бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары сараланды.Жиында «Салауатты сана» жобасының тұрмыстық зорлық-зомбылық тармағы бойынша Сарыағаш аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жәмила Ермаханбетова, «Салауатты сана» жобасының нашақорлық, құмарпаздық (лудомания) тармағы бойынша Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбала Сәрсенова және Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасын іске асыру туралы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.Жиынды қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғаса беретіндігін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен маман

azatmedia

Қазығұрт кәсіпкерлері бірқатар істерді қолға алған

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia