Ақпарат

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ-НІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» «Өңірдің этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері» өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр.
Семинар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ қолдауымен және Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтуде.
Семинардың мақсаты – «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының ауқымды бастамаларын іске асыруда, этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс атқарып, интеграция алаңын қалыптастыру тәжрибесімен бөлісу.
Бірлікті бекемдеген іс-шарада қатысушылар үшін «Алтын сақа» шығармашылық инновациялық орталығы» ғимаратында экскурсия жүргізілді. Онда «Қолөнер – дәстүрдің жалғасы» тақырыбында «Кәусар бұлақ» ата-әжелер клубының төрайымы Ғалия Сұңғатова және «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары Дина Ержанова қолөнер сабағын өткізді.
Семинарға Түркістан облысынан арнайы қатысқан қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева этносаралық бірлік пен келісімді сақтау жайында сүбелі ой қозғап, тәжірибе алмасты. Мекеме басшысы Түркістанның тұмарындай болған Ясауи мөрінің таңбасын «Достық үйіне» табыстады.
Сондай-ақ семинар шеңберінде «Колледждегі Қазақстан халқы Ассамблеясы: жастарды табысты әлеуметтендіру және өзін-өзі тиімді жүзеге асыру моделі» атты жиын өтті. Жиынға Павлодар сервис және тамақтану колледжінің директоры Гүлмира Шұғабаева модераторлық етті.
Бағдарламада «Қазақ және румын-молдова ұлттық киімдерінің интеграциясы» дефилесі мен тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Этнокухня» тележобасы және кондитерлік шеберхана, «Замандастар» клубы және т. б. ұсынылды.
Семинар аясында трамвай-кафеде Павлодар қаласы бойынша экскурсия жасалып, «hab – Қоғамдық келісім КММ» этномәдени бірлестіктермен шығармашылық өзара іс-қимылда» алаңында кездесу өтпек. Бағдардамада «Этно мода» жастар жобасы – Жастар қанатының белсенділерімен жұптасқан ЭКО төрағалары қатысуымен ұлттық костюмдер шеруі және «Шығармашылық дуэттер» этномәдени бірлестіктер төрағалары мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қазақ тілінде танымал әндерді шырқайды.

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ – ТҮРКІСТАНДЫ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМЕН ТЕҢЕСТІРУ

azatmedia

Түркістан: Көшеге шыққан азаматтардың мәселелері қаралды

azatmedia

ШЫМКЕНТ:ӘКІМ ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫН ТЫҢДАДЫ

azatmedia