Ақпарат

ТҮРКІСТАН: «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» АНАЛАР КЕҢЕСІ МЕН МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлері алдағы жұмыс жоспарын талқылады.
Бөлім қызметкерлері Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұловамен Аналар кеңесінің жұмыс жоспарын саралады.
Аналар кеңесінің төрайымы өз сөзінде ҚХА-ның «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының «Салауатты сана» тұжырымдамасы аясында жұмыс істеп жатқанын, бұл орайда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да Аналар кеңесінің құрылғанын жеткізді.
Жиында белгілі болғандай, «Салауатты сана» жобасы қоғамның бес кеселі – нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құмарпаздық (лудомания), вандализм және ысырапшылдық сияқты жаман әдеттермен күресуге бағытталған ауқымды жоба.
Мұнан соң, Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаевпен алдағы жұмыс барысын саралады.
Медиация саласы – бітімгершілікті ту еткен сала. Мамандар осынау құрылымның осы күнге дейін атқарылған жұмыстарын бағамдап, нәтижесі бойынша алдағы уақытта ауқымды отырыс өткізуді жоспарлады.
Айта өткен жөн, бүгінде облыс бойынша 50-ден астам кәсіби және қоғамдық медиатор азаматтардың арасында туындаған мәселелерді бейбіт жолмен шешуде аянбай қызмет етіп келеді.

Қатысты жаңалықтар

Ауыл әкімдері партия жобаларын жүзеге асыру барысын талқылады – AMANAT

azatmedia

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

Кедергісіз орта құру – уақыт талабы

azatmedia