Қоғам

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға орасан зор шығын алып келетін табиғи өрттерді өшіру келелі мәселе болып отыр. Мұндай өрттер үлкен көлемге тарала отырып, орман – дала өртіне айналады да, айтарлықтай шығындарға әкеліп соғады, сонымен қатар мұндай өрттерді өшіруге өртке қарсы қызметтің күш пен құралдарының көп бөлігі бөлінеді де, елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді.
Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелерде орман өрт сөндірушілер командаларының аздығы, жеке құрамды өрт орнына жеткізетін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктердің, байланыс құралдарының, асылатын өрт сөндіру құралдарының, сонымен қатар өрт сөндіруге арналған қосымша техниканың (соқасы бар тракторлар) жетіспеушілігі табиғи өртті өшіру кезінде нақты қиындықтар туғызады. Мемлекеттік мекемелер арасында өзара көмек көрсету мәселелері тиісті үйлесім таппаған. Жер телімдерін жалға алушылар (жерді пайдаланушылар) да өртті өшіруге ат салыспайды. Мемлекеттік орман қорының аумақтары облыстың құмды және таулы жерлерінің көп бөлігін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдерінің аталған жерлерден айтарлықтай қашықтықта орналасқанын атап өту керек.
Облыс әкімінің қаулысына сәйкес облыстың барлық аудан/қалаларда табиғи өрттің алдын алу мен өшіру бойынша қала/аудандық штабтар, сонымен қатар ерікті өртке қарсы құрамалар құрылуы тиіс.
Қала/аудандардағы  дала өрттеріне қатысты туындаған ауыр жағдайда ауылдық елді мекендер мен ауыл шаруашылығы нысандарында құрылған ерікті өртке қарсы құрамаларға үлкен үміт артылған. Бірақ, құрғақ шөп жануы кезінде оны өшіру үшін ерікті өртке қарсы құрамалары толығымен қатыспайды.
Табиғи өрттердің пайда болуына негізгі себептер:
тұрғындардың отты абайсыз қолдануы, техникаларды автокөліктерді пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы, ауыл шаруашылық субъектілерінің шабындық қалдықтарын және құрғақ шөптерді қасақана өртеу жағдайынан, мемлекеттік орман қорымен іргелес жатқан жерлерде болады.
Орманды өрттен қорғаудағы жалпы жетіспеушілік жылдан жылға қайталанып өрттің пайда болуына себеп болуда, оттың үлкен ауданға тарауы орман шаруашылығына үлкен шығын әкеліп отыр.
Бүгінгі таңда қала/аудандардың барлық ауылдарында табиғи өрттерді сөндіру және ескерту жөнінде қала/аудандық штабтар құрылды. Сонымен қатар табиғи өрттерді сөндіру құрылғыларымен және тракторлар соқаларымен және де өртке шығу техникаларымен жабдықталған өрт сөндіру бекеттерін құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары! Қазіргі кез жылдың ең ыстық айларының бірі. Сол үшін бәріміз ұқыпты болайық. Өйткені бізге табиғат сыйға тарқан туған табиғатымыздың әсем де керемет бұрыштарын қаз-қалпында сақтап қана қоймай және біздің балаларымызға, немерелерімізге мирас етіп қалдырғымыз келеді.
Егерде өрт шығу қаупі бола қалған жағдайда, міндетті түрде өртті сөндіруге асығу қажет. Жайылып бара жатқан өртті құм немесе топырақ себу, сумен сөндіру, кенеп бөлшектерімен жабу және де өртті сөндірудің ең қолайлы әдісі талдардың бума шыбықтарымен немесе киіммен ұру арқылы сөндіруге болады.
Егерде өз күшіңмен өртті сөндіре алмасаң міндетті түрде жақын жерде орналасқан өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне немесе орман шаруашылығы қызметкерлеріне және билік органдарына тезірек хабарлау керек.

Күннің қатты ысуынан және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан орман және дала алкаптарында өрт оқиғалары көптеп орын алуда.

Осыған орай, орманды жерлерде немесе дала алкаптарында серуендеп жүрген уақытта, отпен абай болыныз! Құрғақ мезгілде орманда және дала алқаптарында от жағуға қатаң тыйым салынған қағиданы сақтаңыз!

Орманда және дала алқаптарында қоқыс қалдырмаңыз, атап айтқанда сөнбеген темекі қалдықтарын, бөтелкелер, банкалар және әйнектен жасалған басқа да заттар. Себебі, әйнектен (шыныдан) жасалған заттар линзалар сиякты күн сәулесін тартады және оттың тұтануын тудыратынын еске саламыз!

Балалар мен жасөспірімдердің сіріңкемен ойнауына, от жағуына және тағы басқа өртке жол берілетін қауіпті жағдайлар ата-аналар тарапынан қадағаланып, ескертулер жасалынып отыруы қажет.

Басты мақсат табиғат байлығын сол қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру екені белгілі.  Өрт деген тілсіз жау, бұл табиғаттың ең үлкен қауіп қатері.  Осы тілсіз жаудан сақтау үшін ашылғаннан бері қорық басшылығы мен мемлекеттік инспекторлар тынымсыз күзетуде. Осындай қорғау жұмыстары мен  халықпен жұмыс жасау арқасында осы уақытқа дейін қорық ішінде өрт шығу оқиғасы тіркелмегенге шүкір дейміз. Дегенмен қорық айналасындағы табиғатта өрт шығып, біздің өрт сөндіру топтарының көмегімен  сөндірілген өртену  жағдайлары болып тұрады.  

Өрт салдарынан қаншама өсімдіктер жойылып, аң – құстарға көптеген зиянды әсерін тигізеді. Өрт болған жердің қайта қалпына келуі үшін, ондаған жылдарды қажет етеді. Ендеше  Қаратау- қорығының әсем табиғатын, өзіміздің байлығымызды сақтауға қала тұрғындар және ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, тау бөктерінде маусымдық жұмыс атқаратын малшылар, жүргізушілер болып жұмыла атсалысуымыз керек. Ол үшін тау бөктерінде мына қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

 1)  темекі қалдығын толық сөндіріп тастау;

 2)  кез – келген жерде от жақпау, әсіресе жел тұрып тұрғанда;

 3)  от жағу қауіпсіз жерде яғни, шөптен топырақ бетіне дейін тазартылған ені 0,5 м, ұзындығы 1 м кем емес суға жақын, қалың шөптен алшақ болуға тиіс;

 4)  тау бөктерінде жұмыс жасайтын  ауыл шаруашылық  техникаларында  өрт сөндіргіш құралдар міндетті түрде болу керек.

Қорыққа жақын орналасқан елді мекендермен шаруашылық қожалықтарына және мектеп оқушыларына үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, нұсқамалар берілуде, үн парақтар таратылуда. Өрттің тілсіз      жау екені баршамызға аян. Өрттің орын алмауына бірігіп ат салысайық.   

Көктемнің қарбалас күндерімен жарыса өрт қаупі туындайтын белгілі. Жалпы, жер бетінде өрт тұтатушы факторлар жетерлік. Шоқтың шаласынан, сіріңкенің толық өшпеуінен, шылымның қалдығынан пайда болатын өрттің соңы адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретін апатқа айналып жатады.

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Көктем мезгілінде ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Өрттің шығу себептеріне тоқталсақ, олардың біреуі тұрғындардың кінәсінен, ал тоғызы найзағай салдарынан. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367 бабының 3 тармағына сәйкес орманда өрт қауіпсіздігі тараптарын бұзғаны үшін азаматтарға  әкімшілік айыппұл салынады. Орман қорғау мемлекеттік мекемесінің жазалайды. Орман қоры аумағындағы жол жиектерінде өртке қарсы аншлагтар орнатылып, минералды алқаптарға күтіп баптау жұмыстары да жүргізілуде, паркке шекаралас елді-мекендермен жеке шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертулер берілді. Көбіне саяхатшыларымыз жақсы, табиғаты сұлу жерлерге барып демалады. Сондықтан әрқайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген темекі қалдығын, жағылған сіріңкені тастамай, ашық от көздерін қатаң түрде пайдаланбауын, және отырған орындарын тазалап кетулері керек. Сондықтан Орманды өрттен сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың адамгершілік борышы.

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт – ең көп таралған қатердің бірі. Елімізде орта есеппен алғанда күн сайын шамамен 40-50 өрт болады екен, күн сайын өрт кезінде бір немесе екі адам көз жұмып, әр түрлі дәрежедегі күйікке шалдығады. Жаз кезінде өрттің саныда көбеюде, әсіресе жазғы кезде табиғи-дала өрттер орын алуда Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың). Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасында ең өртке қауіптіге Ақмола, Паволдар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының аймақтарындағы орман алқаптары жатады. Батыс Қазақстан облысы аумағында көптеген ормандар бар, сонымен қатар біздің қала аумағымызда өз халқымыз демалатын орындар бар екенін білесіздер. Ормандағы жаппай өртену ыстық және құрғақ ауа райы кезінде найзағай соққысынан, өртпен байқаусыз пайдаланудан, жердің жоғарғы қабатын кепкен шөптерді жағып тазартудан және басқа себептерден болуы мүмкін.

Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады. Қазіргі өрт қаупі кезені келген кезде далалық өрттердің 80 пайызы адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін қарапайым орындамағандарынан пайда болады. Әсіресе темекілермен жанған сіріңкелерді дұрыс сөндірмегендіктен, табиғи аланына шықғып от жаққан кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, автокөліктің құбырынан шыққан ұшқын, трактор автокөлігінің шөқ сөндіргіші дүрыс жүмыс жасамағандықтан, далада еңбек ететін адамдардың тастап кеткен майланған және бензин сіңіп қалған материалдардың өздерінен-өздері жануы және қалдырылған шыны ыдыс немесе сынған әйнек күн сәулелерін сіңіріп шығара отыра, шығыстырып өртке әкеп соғады. Даладағы өрттін жану жылдамдығы 20-30 шақырым сағатына, сай-салада 0,1-1 дейін шақырым сағатына барады. Бұндай өрттерді тоқтату өте қиын екені өздерініздің де көзініз жетіп жүр.

Дала өртің тоқтатқан жағдайдада, тілсіз жау өзінің жұмысың істеп үлгіреді. Далалалық жанулар шығып соған ауа-райыда өз көмегін көрсеткен жағдайда, өрт елді мекендергеде кіріп кетуі мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта мал азығын дайындау науқаны кезеңінде шаруа қожалықтарының жетекшілері, механизаторлары мен жұмысшылары және демалыс орындардағы адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды деп сенім білдіреміз себебі шыққан далалық өрттен біріншіден өздері үлкен материалдық және моралдық зардап шегеді.

Сонымен қатар, шөп шабу науқанында және дала жұмыстарын жүргізген кезде қолданатын техника техникалық байқаудан өтуі қажет. Егер қолданылатын техника техниканың байқауынан өткізілмеген болса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 589, 590 баптары бойынша жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны көзделген. Елдің әр-бір азаматы өрттен сақтану шараларын қатаң орындап отыру міндетім деп түсінуі керек.

Орманды және дала алқаптарында жана басталған өртті анықтаған жағдайда оны тез сөндіруге шара қолданыңыз және де өрт сөндіру бөліміне жедел хабар беріңіз.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабы, атап айтқанда ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзу және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабы, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жауапкершілікке тартылады.

Тіршілік қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, табиғат аясына демалуға немесе туристік сапарға шыққанда еліміздің және өлкеміздің табиғи байлықтарын сақтауға мұқият болуға шақырамыз.

Қатысты жаңалықтар

Сегіз мәселе сенім ұялатты

azatmedia

Бұл сынақты да еңсереміз

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia