«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы Отырар аудандық Мәдениет сарайында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде қатысушылар еңбек қатынастары және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыру, еңбек қауіпсіздігін сақталуы, еңбек шартын орындау, әлеуметтік шиеліністің және еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы талқылады. Бұдан басқа жиында салалық кәсіподақ төрағасы Бастарбек Пірімбетов мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар белсенді еңбеккерлерді марапаттады. Кездесу соңында Отырар аудандық мәдениет қызметкерлері атынан сөйлеген аудандық орталық кітапхана директоры Айнагүл Рыскелді алдағы уақытта облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізіп, өз алғысын білдірді.
Алдынғы жаңалық