Ақпарат

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаз…. Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Ұстаз бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Міне, осындай ұлы жандарға құрмет көрсету мақсатында Еңбек күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен “Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың АЛҒЫС ХАТЫН табыстау үшін Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «Ардагер ұстаздарға құрмет» тақырыбында іс шара ұйымдастырылды.Іс-шараға Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Турманова Диана Абайқызы және мектеп әкімшілігі, ұлағатты ұстаздар қатысты.Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері: Хусан Убайдуллаев, Абдрахманова Минавар Закировна, Аманкулова Гулчехра Парменкуловна, Бабажанова Курбан Паччахановнаға құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табыс етілді.Жиын соңында ұстаздық тәжірибесінде мыңдаған шәкірттерді білім баспалдағымен шыңға өрлеткен парасатты ұстаздарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.Құрметті ардагер ұстаздар! Баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Білім беру ісіне қосқан үлестеріңіз еселене берсін!!Марапаттарыңыз құтты болсын ! 

Қатысты жаңалықтар

Каналдар механикалық тазалаудан өтуде

azatmedia

3 күн бойы тек «Доширакпен» тамақтанған блогер желіні шулатты

azatmedia

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫНА КЕЛІП, МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП КЕТТІ

azatmedia