Санатталмаған

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ АПАТ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

AzatMedia.kz. Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады.

Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды. Фирдауси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық бала-бақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады. Өмірзақ Естайұлы жаңадан бой көтерген ықшам ауданда орталық алаң салудың қажеттігін айтты.

Бүгінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша, Мырзакент кентінде 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үйдің 150-і «Б.Утемуратов», 20 үй «Салиқалы ұрпақ», 20 үй «Біз Біргеміз» қоры салуда. Жалпы 839 тұрғын үйге аккредитталған эксперттер тарапынан, техникалық зерттеу тексеруі жұмыстары жүргізіліп, 623 үйге техникалық қорытынды алынды.
Бүгінгі таңда жалпы 32 мердігер мекеме тарапынан 383 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс аумағында 360 үйдің қазаншұқыры қазылып, іргетасы құйылды. 30 үйдің қабырға қалау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс алаңына 1124 адамдар мен 68 арнайы техника құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Зардап шеккен ауылдарда жаңа тұрғын үй құрылысында инженерлік инфрақұрылым салу және Фирдауси мен Өргебас елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру