Бүгін 10-қазан Кәсіподақтар күні мен 7-қазан Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күніне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов пен Түркістан қаласының «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бектас Шірікбаев Түркістан қаласындағы салалық кәсіподақ құрамына кіретін бірқатар кәсіпорындардың кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев 7-қазан Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күніне орай, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен олардың жұмыс орындарының сақталуы, еңбеккерлерге қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты жою және теңсіздікпен күресу мәселелеріне кеңінен тоқталып, кәсіподақ мүшелеріне «Бұл бастаманың басты мақсаты елімізде лайықты еңбекті қолдау болып табылады» – деп айтып өтті.Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған салалық кәсіподақ төрағасы Абдурайра Манахов барша қатысушыларды алдағы келе жатқан 10 қазан Қазақстан Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтап, өз саласында еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді қызметкерлерге салалық кәсіподақтың «Елеулі еңбегі үшін», «Үздік қызметкер» төсбелгілері мен Құрмет грамоталарын табыстады.Жиын соңында кәсіподақ мүшелері кәсіподақ өкілдеріне өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық