Ақпарат

КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін, Түркістан қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 10 – қазан Кәсіподақтар күні мерекесі атап өтілді. Мерекелік шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі , төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, салалық комитет және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Жиында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, өңірлік кәсіподақтың биылғы жылғы атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне қысқаша шолу жасап, осынау мерейлі мереке қарсаңында кәсіподақ мүшелерінің қажырлы еңбегі мен жұмыс жағдайларын оңтайлы етудегі қызметтері үшін алғысын білдіре отырып, кәсіподақ белсенділерін Кәсіподақтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Жиын әрі қарай марапаттаумен жалғасып, онда еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін салалық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталса, бірқатар азаматтарға Кәсіподақтар федерациясының, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Бұдан басқа, шара барысында салалық кәсіподақ төрағалары мен бірқатар марапат иелері құттықтау сөз сөйлеп, осы іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Жиынды қорытындылаған салалық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла барша марапат иелерін марапаттарымен тағы да құттықтап, оларға еңбекте табысты бола берулерін тіледі.

Сонымен бірге, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі облыс кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақтар күніне оарй құттықтау жолдады: «Құрметті Әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кәсіподақтардың басты мақсаты бұл – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, жалпы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы алтын көпір ретінде өз функциясын орындау болып табылады. Сіздер әлеуметтік әріптестікті дамыту аясында жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғап, жұмыс жағдайын жақсартуда кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету жолында белсенді қызмет атқарып жүрсіздер. Сол жолда әділеттіліктен айнымай, күш-жігерлерін аямай еңбек етіп жүрген барша әріптестерге өз ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Сіздерге алдағы уақытта да еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, білімдеріңіз бен тәжіриебелеріңіз тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі үшін қызмет ете берсін! Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға мол табыс және ортақ ісімізде сәттілік тілеймін!Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүріміз беки берсін!» делінген құттықтауда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Еңбек адамы – Абдиев Ғайрулла

azatmedia