Ақпарат

БАЙЫПТЫ БАСТАМА – ҚУАТТЫ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ

Халықтық штаб өкілдері Қазығұрт ауданына жасаған жұмыс сапары аясында, «НӘРЛЕН» сауда белгісімен танылған «Қарқын-2030» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кәсіпорынға келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, саяси партиялардың өкілдері, Түркістан облыстық мәслихатаның депутаттары, энергетик мамандар ет өнімдерін шығаратын зауыттың өндірістік циклімен танысып, қуатын арттырудың мүмкіндіктерін зерделеді.Зауыт жұмысшыларымен еркін сипатта өткен жиында, атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім барлық ықтимал тәуекелдерді және ел мүддесін толықтай ескере отырып қабылданатыны айтылды. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні мәлімделді.Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектесетінін, басқа мемлекеттерге саяси тәуелділікті арттыруға жол бермейтінін нықтап айтты. Бұл таза энергия ғана емес, мемлекеттің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін маңызды жоба болатынына назар аударды. Станция салу бастамасы қазақстандықтардан қолдау табатын болса, оның құрылысында сыртқы тәуекелдерді барынша азайтуға және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестіктермен ынтымақтастықтың толыққанды тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды қолдану қарастырылатынын түсіндіріп өтті.Түптеп келгенде, атом электр станциясын салу туралы түпкілікті шешім демократияның құралы – референдум арқылы қабылданатынын, әрбір азамат үшін өз ұстанымын білдіріп, дауыс беруге қатысуға мүмкіндік беріліп отырғанын жеткізді. Бұл жөнінде пікір білдірген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев: «Азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолға алған басты саяси ұстанымы екенін білесіздер. Президент лауазымына сайланған 2019 жылы, Мемлекет басшысы ұсынған сайлауалды бағдарламада, еліміздегі аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданады деп айтылған болатын», – деп атап көрсетті.Қазақстанда атом энергетикасын дамыту туралы алғашқы пікірлер қоғамда осыдан бес жыл бұрын көтерілгенін штаб мүшелері атап өтті. 2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Семейде өткен кездесуде АЭС салу туралы шешім қабылдауда, халықтың пікірі ескерілетінін жария еткенін айтты. Қазақстанда атом станциясын салу жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін жалпыұлттық референдум өткізілетіні Мемлекет басшысының өткен жылғы қараша айында ғалымдармен өткен жиында айтылғанын мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында атап көрсетіліп, 6 қазанға белгіленген жалпыхалықтық референдумның өткізілуі – бұл жан-жақты ойластырылған, байыппен талдап-таразыланған саяси шешім екеніне баса мән берілді.Кездесуге қатысқан жұмысшылар атом энергетикасы еліміздің болашағын айқындайтын жоба екенін түсіне отырып, алдағы науқанда азаматтық ұстанымын білдіруге дайын екендіктерін жеткізді. Мемлекетіміз үшін маңызды мәселеде азаматтардың үнін естуге мүмкіндік берілгеніне алғыстарын жеткізе отырып, қоғамдастықты елге пайда әкелетін бастаманың аясына бірігуге шақырды. 

Қатысты жаңалықтар

Жалпы құны 1016,0 млн тг құрайды.

azatmedia

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – СОЗАҚ АУДАНЫНДА

azatmedia

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ-ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ НЕГІЗІН ҚҰРАУШЫ

azatmedia