Ақпарат

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ОБЛЫС АУДАНДАРЫН АРАЛАУДА

Халықтық штаб мүшелері жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев бастаған топ Сарыағаш қаласындағы бірқатар нысандарда болып, тұрғындарға АЭС-тің елімізге тигізер пайдасы мен тиімділігін түсіндірді. Штаб өкілдерінің қатарында облыстық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш аудандық штаб өкілдері, сарапшылар, энергетика саласының мамандары да бар.Сарыағаш қаласында Халықтық штаб өкілдері аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымымен, білім саласының, одан соң денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен жүздесіп атом электр станциясы жайында бірқатар мағлұмат берді.«АЭС бұл- ең алдымен, қәуіпсіз, сенімді экологиялық таза жоба. Тиімділігін айтатын болсақ, Атом электр станциясы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін, энергия көздерінің тапшылығы Атом электр станциясын салу қажеттілігін көрсетіп отыр -деді Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Базарбайұлы.Білім саласының қызметкерлері әрқашанда жаңашылдықтың жаршысы екендігін назарға ұстай отырып штаб мүшелері атом энергетикасы болашақтың қуаты болып табылатынын, Атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елімізде озық технологияларды енгізуге, шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін жеткізді.Қазіргі уақытта, Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын- көмір электр станциялары арқылы өндіреді. Бұл станциялардың орташа тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. Атом энергиясынан шығатын парниктік газдар көмірден 135 есе, газдан 73 есе төмен екеніне тоқталды.Одан соң, штаб мүшелері “Қапланбек” жоғары агротехникалық колледжінде колледж ұжымымен кездесу өткізіп, атомдық энергетиканың экономикалық, экологиялық аспектілері бойынша өзара пікір алмасты. АЭС елімізді энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикалық өсуді ынталандыратыны, озық технологиялар трансфертіне жол ашатыны айтылды.Өткізілген кездесулерде халықтық штаб мүшелері 6 қазан күні өтетін республикалық референдумға бір кісідей қатысып, қолдау көрсетуге шақырды. Жиынға қатысқан сарыағаштықтар да біркісідей референдумға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Парламент мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов және аудандық штаб мүшелері аудан жастарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндірді.Өз кезегінде Шардара ауданы жастары Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. 

Қатысты жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Ғалымдар ерте қартаюды қоздыратын тағамдарды анықтады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК БАТЫC ӨҢІРЛЕРІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

azatmedia