Ақпарат

ШТАБ ӨКІЛДЕРІ-ОРДАБАСЫДА

Бүгін Дулатбек Әбіш, Ғани Раймбеков, Нұржан Әжіметов, Әлиасқар Бердімұрат және Шадымат Баймұса бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Ордабасы аудандық Мәдениет үйінде сала қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында штаб өкілдері ордабасылықтарға референдум өткізудегі мақсат, энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздігі туралы айтып берді. Дулатбек Назарбекұлы атом энергетикасы – экономикалық жоба екеніне тоқталды. Елімізде энергия жетіспеушілігі жылдан-жылға өзекті болып келе жатқанын, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 2 пайызы күн, жел мен судан өндірілетінін тілге тиек етті.Біздегі энергетикалық инфрақұрылым күн санап ескіріп барады. Станциялардың 65 пайызы тозған. Әсіресе, энергия тапшылығы біздің оңтүстік аймақтарда анық байқалып отыр. Бұл тұрғындар қажеттілігімен қатар кәсіпкерлікті дамытуға да үлкен кедергі болады. Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып жатыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Көршілес Өзбекстан да АЭС салудың қамына кіріскен. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр, ал уран қоры бойынша екінші орында. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? Қашанғы шикізат елі болып қала береміз? Сондай-ақ, АЭС салуға 2 мың жұмысшы жұмылдырылса, қолданысқа берілген соң 8 мың жұмыс орны ашылады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады, – деді Дулатбек Назарбекұлы.Халықтық штаб өкілдері одан соң, ауданындағы кәсіпкерлермен, «Темірлан абаттандыру» КММ-і ұжымымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Штаб мүшесі Ғани Раймбеков мұнда АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті. «Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы», – деді ол.Сонымен қатар, кездесулер барысында штаб құрамындағы партиялардың өкілдері мен энергетика саласының мамандары да АЭС-тің артықшылықтары жайында сөз қозғап, референдумдағы әрбір таңдау ел болашағы үшін маңызды екендігін жеткізді.Өз кезегінде кездесуге қатысқан тұрғындар, кәсіпкерлер толғандырған сауалдарын қойып, атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдірді. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді. 

Қатысты жаңалықтар

БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

azatmedia

САН-САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ОРТАҚ МІНДЕТТЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ

azatmedia