Ақпарат

«AMANAT»: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АСЫРАУШЫ САЛА

Түркістан облысы үшін ауылшаруашылығы саласы – экономиканың ең негізгі қозғаушы күші болып табылады. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында халықтың табысын арттыру маңызды тармақ ретінде енгізіліп, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер басымдық ретінде белгіленген.Партияның өңірлік филиалы орйындалуын үйлестіретін бұл құжатта айналымға тартылған ауылшаруашылық жерлерінің үлесін ұлғайту, ауыспалы егістің көлемін арттыру міндеттемелері белгіленген болатын.Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, өңірімізде биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 873,6 мың гектарға орналастырылған. Оның ішінде, жаздық дақылдар 500 мың гектарға орналастырылса, ауыспалы егістіктің көлемі 264,2 мың гектарға жеткен.Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қолдау көрсету, оның ішінде минералды тыңайтқыштармен қамтылуын арттыру, жоғары репродукциялық ірі қара тұқымын көбейтуге жағдай жасау, аграрлық салада ылғал үнемдеу технологияларының кең қолданысқа ие болуын қамту, жылыжай шаруашылықтарының көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту, тағы да басқа маңызды индикаторлық көрсеткіштер енгізілген.Аманаттық өкілдер межеленген міндеттердің орындалуын партия алаңдарында, фракция отырыстарында тұрақты негізде қарастырып, белгіленген жұмыс көрсеткіштеріне байланысты аудан, қала әкімдіктері мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, осы салаға қатысты өзге де ұйымдар мен құрылымдардың жұмыс есептерін қабылдайды, ұсыныстар білдіреді және олардың орындалуына қоғамдық бақылау жүйесін орнықтырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табады. 

Қатысты жаңалықтар

«Қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер жеп қойған» – Ұлттық банк тараған ақпаратқа түсініктеме берді

azatmedia

«Таза Қазақстан»: в течение недели организуется множество мероприятий

azatmedia

БІЛІМПАЗДАР БӘЙГЕСІ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia