Мәдениет

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

13-14 қыркүйек аралығында Түркі әлемінің астанасы Түркістан төрінде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Киелі Қазығұрт ауданының мәдение күндері өткізіліп жатыр. Алғашқы күн Этноауыл кешенінде ата дәстүрді дәріптейтін, ұлттық құндылықтарды паш ететін игі шаралармен басталды. Атап айтқанда, ұлттық ойындар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, тарихи жәдігерлердің көрмесі, Киелі Қазығұрттан шыққан танымал ақын-жазушылардың кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазығұрттық өнерпаздар салт-дәстүрге сай сахналық қойылымдар қойып, мың бұралып би билеп, әннен шашу шашып, цирк көрсетсе, ауданның қазыналы қариялары ұлттық киімде тағамдар дайындап, киіз басу, бата қайыру, ата дәстүрді дәріптеу секілді шараларды өткізді. Бұдан бөлек ұлтық аспаптар тартылып, батырлардың бейнесімен салтымызда бар итбегілік, құсбегіліктер көрсетілді. Ал ауылдан келген шаруалар ауданымыздың ауылшаруашылық және басқа да өнімдерінен жәрмеке жайып, жергілікті тұрғындарды, өңір халқын және сырттан келген қонақтарды таңдай қақтырды. Игі іс-шараның жалғасы ұлттық спорттық ойындар, ауданнан шыққан эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының ұйымдастырған гала-концертімен жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ!

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ КЕНТАУДА

azatmedia

«КҮМІС ДОМБЫРА»: АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

azatmedia