Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ержан Мұстапаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға Сауран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Садибаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Сауран ауданы әкімдігі жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы; Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №114 «Сауран ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Садибаев жоғарыда қаралған мәселелерге қолдау көрсеткені үшін депутаттарға алғысын білдірді.