Ақпарат

КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТЕҢДЕССІЗ ТАРТУЫ

Қазығұрт аудандық орталық Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 жылдығына орай салтанатты мерекелік шара өтті.

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады: – Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы! Біз кемел Конституцияны Тәуелсіздік арқылы қабылдадық. Халық – биліктің қайнар-көзі болса, Конституция – көптің киелі сөзі. Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысындай. Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркениетті істеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Ұлы далада жаңа тұрпатты қуатты мемлекет құрып, ұлысты ұйыстырдық. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз еселеп артып, шуақты Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды. Осындай игі істерді елмен бірге еңсеріп келе жатқан ауданымыздың да әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жылдан-жылға жоғарылап келеді. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жол салу, табиғи газбен, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңарту, білім беру деңгейін көтеру, қауіпсіз орта қалыптастыру секілді мәселелер бойынша жұмыстар тынымсыз атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы да Конституциямызда белгіленген заңнамаларға сәйкес жүргізілуде, – деді аудан әкімі Азизхан Азимханұлы.

Салтанатты шара барысында биыл Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 30 жылдығына орай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркендеп өсуіне көп жылдар бойы еңбек сіңірген 30 адамға Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» атағы табысталды.Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әшіров, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада ауданымыздың өнер ұжымдары мен әншілері концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндерді шырқады.  

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

azatmedia

«Қалың қалай бастауыш ұйым?» : білім ордасында кездесу өтті

azatmedia

Алматы: «Дәрігерлер соқырішекті анықтай алмай, қызымыздан айырылдық»

azatmedia