Ақпарат

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «23- маусым Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың үстел тенисі мен шахматтан аудандық жарыс болып өтті. Жарысқа әр ауыл округі әкімі аппараты мен дербес бөлімдерден қызметкерлер қатысты. Жүлделі орынға ие болған мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Шахматтан:

І орын Жігерген ауылы акімі аппаратының бас маманы Қаңлыбаев Ержан.

ІІ орын Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Нұрмұханбетұлы Нұрболат.

ІІІ орын Қақпақ ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы Байтұрсынов Аймұханбет.

Үстел теннисінен:

І орын Қақпақ ауылы әкімі аппаратының бас мамны Мекенбай Нұрлыбек.

ІІ орын Қақпақ ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы Байтұрсынов Аймұханбет.

ІІІ орын Сарапхана ауылы әкімі аппаратының бас маманы Момбеков Бекзат.

«23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні». Мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Соған байланысты мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастырудың маңызы үлкен. 

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді БҰҰ Мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялағаны туралы баршамыз білеміз. Осы бастаманы қолдай отырып, елімізде 2013 жылғы желтоқсандағы Елбасы Жарлығымен 23 маусымды «Мемлекеттік қызметшілер күні» ретінде бекітті.
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Ол халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады.Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру — күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан.Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту барысында мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз қызметінің барлық жауапкершілігін толықтай сезініп, қызмет амалдарын жетік меңгеріп, өз ісінің білікті маманы болуы қажет.

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуеті әлденетін күн жақын

azatmedia

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШАТЫН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia