Ақпарат

ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«Еңбек адамы» айдарымыздың кезекті кейіпкері ««DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сакен Арыстанұлы Катбаев. Сакен Катбаев 1968 жылы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауылында дүниеге келген. 1988-1994 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. Одан әрі 2004-2006 жылдар аралығында М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында «Қаржы және несие» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алады. Кейіпкеріміз жас күндерін білікті маман болу жолында ізденумен қатар, Отан алдындағы асқақ борышын абыроймен өтеп келген азамат. Ол 1986-1988 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында Ауғаныстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында қызмет атқарған. 26 жылдық жұмыс өтілі бар Сакен Арыстанұлы 1994 жылы Шымкент қаласы шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында дәрігер-хирург болудан еңбек жолына қадам басты. Одан әрі, 2009-2014 жылдары Облыстық гипербариялық оксигенция орталығында бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде бас дәрігер болады. Осы уақытта туберкулез жағдайы бойынша аудандардың рейтингісінде 12-орында тұрған Төлеби ауданы, бір жыл ішінде туберкулезбен күрес көшбасшыларының үштігіне кірді. 2014-2017 жылдар аралығында Т.О.Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығында бас дәрігер болады. Кейіпкеріміздің бастамысымен сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші 40 төсектік паллиативтік бөлім ашылды. 2017-2020 жылдар аралығында Шымкент қаласы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері болды. Осы уақыт аралығында онкоорталықтың барлық кезеңі бойынша, алғаш рет барлық көрсеткіштерге 100% қол жетті. Сондай-ақ, 2019 жылы қалалық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен Шымкент қаласындағы үздік стационар болып танылды. 2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері қызметін атқарды. Пандемия кезеңінде коронавируспен күресті ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. 2020 жылдың қыркүйек айынан бері «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін абыроймен атқаруда. Сакен Катбаевтың бойындағы жауапкершілік, тәртіп пен ұқыптылық дағдылары атқарып жүрген жауапты қызмет жолында кездесетін күрделі мәселелерді ұтымды шешуге сеп болуда. Кейіпкеріміздің кәсіби шеберлігі кәсіподақты басқару барысында айқын көрінеді. Ол нағыз мамандарды жанына жинап, ұтымды басқару дағдыларын меңгерген тұлға. Сондай-ақ, қол астындағы әрбір қызметкерге жайлы жұмыс жағдайын жасауға, қайырымдылық бастамашысы болуда белсенділік танытып келеді. Сакен Арыстанұлы 2015 жылы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төс белгісімен, 2021 жылы Кәсіподақтар Федерациясының «Алғыс хатымен», 2023 жылы Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сондай-ақ, 1986-1988 жылдары Ауғаныстан жауынгері ретінде алған мемлекеттік наградалары бар. «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай еліміздің денсаулық сақтау саласындағы атқарылған еңбектері жоғары бағаланып, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia

КЕЛІСТІ ОЙ КЕСІМДІ ҚОЛДАУЫН ТАПТЫ

azatmedia

Көрермен: «Порнографиялық видеоны тәрбиелік мақсатта қолдануға болады»

azatmedia