Спорт

ОБЛЫСТА АЛҒАШ РЕТ «Turkistan Workout Fest» САЙЫСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ ЖАСТАРЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

Биыл облысымызда алғаш рет, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстықорталығы» КММ мен «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану, аула спортына деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыстық «TurkistanWorkout Fest» белтемірге тартылу сайысы өтті.

Аталған байқауды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстықорталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімбеков Құрмет пен белтемірші, калистеника шебері Сапар Азамат қатысты.

«Turkistan Workout fest» турникке тартылуға бағытталған, өйткені бұл ең қарапайым әріқолжетімді жаттығу түрі. Шындығында, турниккетартылу ерекше жағдайды қажет ететін спорт емес. Онымен еліміздің барлық жерінде де, ең шалғайдеген елді мекендеріндегі жастарымыз да еркінайналысуға болады. Осы сайысты өткізер алдында жастарымыздың қызығушылығы қалай болады, табылмай қала ма екен деген де ойлар болды. Аудан, қалаларды аралай келе жастардың аула спортына деген қызығушылығы артқанын түсіндім. Бүгінгі барша жеңімпаздарды құттықтаймын деді, – Бектаев Ернар.

Спорттық сайыс 31 мамыр мен 23 маусым айы аралығында облысымыздың 17 аудан, қаласында өткен іріктеу кезеңіне, 2 000-нан астам жастар қатысып, 150-ден аса қатысушы гранд-финалға жолдама алып бақ сынады.

Білек күшін сынауға кез келген адамның мүмкіндігі болды. Қатысушылар жасы 3жас ерекшелігі (14-18 жас, 19-27 жас, 28-34 жас) бойынша сынға түсті.

Жарыс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар тізімі төмендегідей:Белсене қатысқаны үшін ынталандыру: Пахралиев Әділбек, Тургунов Нуржас, Ермекбай Ерзат, Асқарбек Нүрбек иеленді.

Номинация иегерлері: Үздік өнер көрсеткені үшін сыйақымен Құрақ Аманбек марапатталды. Қазығұрт ауданы (50 000тг) 168 рет, 19-27 жас ерекшелігі бойынша: I орын: Тұрсұнқұлов Бекжан, Қазығұрт ауданы (350 000тг)238 рет.

Ұйымдастырушылар бұл жоба жалғасын табатынын және талантты жастарды әлемдік турнирге дайындау үшін арнайы жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді. Жеңімпаз жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 

Қатысты жаңалықтар

Хабибтің әкесін еске алу турнирінде қазақстандық нокаутпен жеңілді

azatmedia

Спорт күніне орай футболдан жарыс өтті

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨЛЕБИ БАБАНЫҢ 360 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ» ӨТТІ

azatmedia