Бүгін, бүкіл әлем есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күнін атап өтуде.
Бірнеше жылдан бері бұл күн қарсаңында елімізде бір ай бойы, яғни 26-мамырдан бастап 26-маусымға дейін есірткіге қарсы және нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Дәстүрге айналғандай, осы жылғы кезекті іс-шаралар 26-мамырда бастау алды.Осыған орай, Қазығұрт ауданының орталық футбол алаңында аудан халқының, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерінің, еріктілері мен жастарының және барша спорт сүйер қауымнан құралған 600 адамның қатысуымен «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» акциясы өткізілді. Атаулы акция барысында барша қатысушылар таңғы 7:00-де жиналып, бірліктің зор үлгісін көрсете отырып бір мезетте таңғы жаттығулар жасап, көңілді әнге флешмобтар билеп, денсаулықты жақсарту үшін орталық алаңды айнала жүгіріп шықты.
Акцияға арнайы қатысып, сөз сөйлеген Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов: -Жиырма бірінші ғасырдың басты дертіне айналған «нашақорлық» баршамызды алаңдатады… Бүгінгі жиынымыздың да басты мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Сол арқылы нашақорлық пен есірткіге қарсы күресу. Баршаңызды, бабалар салған ізгі жолмен жүріп, батыстан келген мұндай дертке қасқайып қарсы тұруға, ұлтымыздың даналығын пайдалана отырып, денсаулықтын қадірін білуге шақырамын. Нашақорлықпен күрес жолында баршамыз бірліктің мызғымас үлгісін танытып, спорттың бұқаралық сипатын дамытамыз және сол арқылы жарқын болашаққа бірге қадам басамыз деген сенімдемін, – деп игілікті іс-шараға қатысушы барша тұрғындарға алғысын білдіріп өтті.
Ғасыр дертіне айналған нашақорлықпен күрес бағытындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 289 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12 дерек, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 64 жайт тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталған.
Бүгін, 26 маусымда бүкіл әлем есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күнін атап өтуде.
Халықаралық күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.
Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге аударуға арналған.
Нашақорлық және олардың заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен әсер етеді. Халықаралық есірткіні теріс пайдаланумен күрес күні оны шешу үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін еске салады.
Статистикаға сәйкес соңғы бес жылда есірткіге тәуелді пациенттердің саны азайды. 2022 жылы есірткіні қолданған 17 085 пациент динамикалық бақылауда болды. Бүгінгі таңда 18 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда.
Өкінішке орай, жаңа психоактивті синтетикалық заттарға құмар науқастардың саны күрт өсті. Мысалы, 2018 жылы елде синтетикалық есірткі қолданған 147 тұрғын динамикалық бақылауда болды, қазір олар 731-і құрайды.
Қазақстанда 76 емхана мен аудандық ауруханада 212 психолог кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2016 жылы Қазақстанда жылына 30 психиатр, нарколог-маман оқытылды, қазіргі уақытта білім гранттарын алған 152 резидент жоғары оқу орындарында оқиды. Соңғы жеті жылда психолог-мамандардың, наркологтардың саны 15-20%-ға өсті.
Еліміздің стационарлық көмек орталықтарында 3 747 төсек бар. Оның ішінде 270 төсек медициналық-әлеуметтік сауықтыруға арналған. Өткен жылдың басында елімізде 6 сауықтыру бөлімшесі жұмыс істей бастады, ал жыл соңына қарай 13 өңірде сауықтыру бөлімшесі ашылды.
Қазіргі қоғамда есірткінің зияны қаншалықты зор екенін білмейтіндер аз. Бірақ соған қарамастан, көптеген ерлер мен әйелдер бұл заттарды өздерін және денсаулығын бұзу арқылы пайдаланады. Сонымен қатар, есірткінің зияны орасан зор және қабылданған заттың түріне байланысты емес. Жеңіл есірткі жоқ. Олардың барлығы денеге орны толмас зиян келтіреді. Есірткінің басты қауіптілігі-олардың барлығы тәуелділікті тудырады, оларды қайта-қайта қолдануға деген құштарлық. Сонымен қатар, нашақор есірткінің зияны қандай болуы мүмкін екендігі туралы ойланбайды. Ол олардың соқыр құлына айналады.
Есірткіні сатумен айналысу – қылмыс. Есірткі заттарын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Нашақорлық өте қорқынышты ауру. Себебі есірткіге әуес адам келесі дозаға ақша іздеп, ұрлыққа, алдауға баруы мүмкін. Осындай қысқа сәт үшін ол саналы түрде, өзін өмірдің барлық қуаныштарынан айырады. Есірткі сатушылар өз «тұтынушыларына», яғни жасөспірім немесе мектеп оқушыларының компаниясына «инеге отырғызу» үшін әдейі бірінші дозаны аз мөлшерде сатып немесе тегін беруі мүмкін. Тіпті есірткінің алғашқы дозасы өлімге әкелуі ықтимал.
Қазіргі таңда жасөспірімдердің осы дертке көп ұшырасып жатқаны белгілі. Жасөспірімдік шақ алкогольді де, басқа да психоактивті заттарды, соның ішінде есірткіні де теріс пайдалану қаупін тудыратын бірқатар биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен сипатталады. Есірткіге тәуелділікті емдеу қиын. Бұл жастағы балалар көңіл-күйі өзгермелі, өзін тәуелсіз сезінгісі келеді және әрқашан емге қарсы тұрады…
Жасөспірімдерде психоактивті заттарды тұтыну кезінде мінез-құлық пен жағдайдың себепсіз өзгерістері байқалады. Жасөспірімдегі нашақорлықтың көріністері әртүрлі болуы мүмкін, ол есірткі заттарының түріне байланысты. Дегенмен ата-аналар баланың есірткі қабылдайтынын түсінетін жалпы белгілер бар. Біріншіден, оның мінез-құлқы өзгеріп, оқуға деген қызығушылығын жоғалтады. Сыныптастары мен достарынан алыстап, өтірік айта бастайды. Жаңа «достарымен» көп уақыт өткізіп, агрессивті, ашуланшақ болатыны анық. Ол ата-анасынан аулақ жүреді, ұзын жеңді киім киеді, ал үйден ақша мен құнды заттар жоғалып кетуі мүмкін. Өзгеріс тек мінезде емес, сыртқы түрде де пайда болады. Терісі бозғылт сұрға айналып, киімі мен шашы ұқыпсыз болып, аяқ-қолы ісінеді. Есірткінің жасөспірімнің денесіне әсері ересек адамға қарағанда бірнеше есе күшті. Ең алдымен, ми зардап шегеді. Уақыт өте келе интеллектуалды қабілетін жоғалтып, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Есірткіні үнемі қабылдау ағзаның созылмалы улануына себеп. Иммунитет төмендеп, өсу мен даму баяулайды, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Сондықтан саулыққа салғырт қарамай, зиянды әрекеттен аулақ болған абзал.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.
Мамандардың айтуынша, есірткінің уақыт озған сайын жаңа түрі пайда болып жатқан көрінеді. Тіпті, дүниежүзінде мыңнан астам есірткі түрі ресми тіркелген екен. Қазақстанда шамамен соның 700-ге жуық түрі немесе аналогтары бар. Бүгінде бақылаудағы психикалық белсенді заттардың тізіміне 89 синтетикалық есірткі түрі енгізіліп отыр. Бұл кеселдің адам психологиясына санаулы секундта өте қатты әсер ететінін неврология ғылымы баяғыда-ақ дәлелдеп берген. Полиция есірткінің бұл түрімен күресудің қиындығын айтып отыр. Ал сарапшылар әлем бойынша аптасына синтетикалық есірткінің 10 жаңа түрі шығарылатынын алға тартуда.
Біздің елде 2015 жылдан бастап «синтетикалық есірткінің» жаппай таралуы байқалған көрінеді. 2019 жылы Қазақстанда шамамен 11 келі синтетика тәркіленсе, 2020 жылы 100 келі болған. 2021 жылы 160 келі есірткі тәркіленсе, өткен 2023 жылы құқық қорғау органдары 168 келі 494 грамм мефедрон мен альфа-PvP тәркілеген. ІІМ деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда ең көп таралған есірткі түрі – «синтетика» екен.
Алғашында Қазақстанға темекі қоспалары бар «спайс» деген түрі келген. Уақыт өте түтіні жоқ темекі деген түр – «снюс» құпия саудаланған. Кейіннен есірткі әлемін «кристалл», «жылдамдық», «ваннаға арналған тұз» деген түрлі атау жамылған синтетикалық заттар тез жаулап алды. Ең сорақысы, бұл дерттің тырнағына ең бірінші болып жаны жаңалыққа құмар жастар ілігіп жатыр.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.