1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Елімізде жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Осы орайда еліміздің, оның ішінде Қазығұрт ауданының бүлдіршіндері бұл мерекені кең көлемде атап өтуде. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы, дені сау азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.
Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Оқушылар сарайы және Өнер мектебінің балалары арнайы концерттік бағдарлама қойып, би билеп, ән айтып, сахнада өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, асық ойны, ләңгі тебу секілді түрлі спорт ойындары ұйымдастырылып, ашық аспан астында суретші балалар сурет салды.
Осы орайда, орталық саябаққа жиналған қазығұрттық ата-аналар мен балдырған балалар үшін де түрлі спорттық ойындар, кітап көрмелері, мерекелік концерт ұйымдастырылып, соңынан орталық Мәдениет сарайында тегін мультфильмдер көрсетілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай барша іс-шараларға қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық Полиция бөлімінің және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де шараларға арнайы қатысып, жаз мезгіліндегі, демалыс маусымындағы қауіпсіздік шараларын кеңінен түсіндіріп өтті.
Бала қуанышын бағына балаған ата-аналар мерекелік көңіл-күй сыйлаған азаматтарға алғыстарын айтып, мәз-мейрам болып тарқасты.Бұл күні Қазығұрт ауданында мереке қарсаңында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы тұрғыда, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Таубай орталық ауруханаға арнайы барып, перзентханада және балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндер мен ата-аналарын мерекемен құттықтады. Мереке күнін ауруханада өткізіп жатқан балалардың көңілін тауып, тезірек сауығып шығуын, болашақта үлкен азаматтар болып өсуін тіледі.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы орайда еліміздің, оның ішінде Қазығұрт ауданының бүлдіршіндері бұл мерекені кең көлемде атап өтуде.Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Оқушылар сарайы және Өнер мектебінің балалары арнайы концерттік бағдарлама қойып, би билеп, ән айтып, сахнада өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, асық ойны, ләңгі тебу секілді түрлі спорт ойындары ұйымдастырылып, ашық аспан астында суретші балалар сурет салды.
Осы орайда, орталық саябаққа жиналған қазығұрттық ата-аналар мен балдырған балалар үшін де түрлі спорттық ойындар, кітап көрмелері, мерекелік концерт ұйымдастырылып, соңынан орталық Мәдениет сарайында тегін мультфильмдер көрсетілді.Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай барша іс-шараларға қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, аудандық Полиция бөлімінің және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де шараларға арнайы қатысып, жаз мезгіліндегі, демалыс маусымындағы қауіпсіздік шараларын кеңінен түсіндіріп өтті.Бала қуанышын бағына балаған ата-аналар мерекелік көңіл-күй сыйлаған азаматтарға алғыстарын айтып, мәз-мейрам болып тарқасты.
Қазығұрт ауданының кішкентай тұрғындарын Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов де құттықтап, бүлдіршіндерге жылы лебізін жолдады: «Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Сол себепті де біздер барынша балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне жұмыс жасап келеміз. Бұл бағытта елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған.
Қымбатты балалар!Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!», делінген құттықтауда.