Түркістан қаласы тұрғындарының назарына автокөліктегі өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттарды ұсынамыз.
Көліктің кез-келген түрінде өрт күтпеген жерден пайда болуы және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өрттің жиі себебі неде? Көлік құралын міндетті техникалық байқау процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды. Дегенмен, автокөліктегі өрттің негізгі себептері: қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің/электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу шамымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін киізбен жылыту), отын құбырының үзілуі немесе ақауы болып табылады. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.
Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауы және қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады, сол себепті автокөлік жүргізушілеріне көліктегі электр сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн.
Көліктегі өртті болдырмауға және өрт туындауы қаупін төмендетуге болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізуі және техникалық жай-күйін бақылап отыруы қажет. Ең алдымен әрбір автомобильде ақаусыз өрт сөндіргіш болуы керек. Қажет болған жағдайда, өрт ошағын барынша тез және қысқа мерзімде сөндіруге кірісу үшін, өрт сөндіргіш оңай қол жетімді жерде болуы тиіс.
Өрт сөндіргіш қозғалыс кезінде жүргізушіні көлік құралын басқарудан алаңдатпауы тиіс. Өрт сөндіргіштің жағдайын үнемі тексеріп тұрыңыз. Оның майысқан және ісінген жерлері болмауы керек. Баллон қызып кетпеуі керек, бүріккіш еркін қозғалуға, ал оның элементтері деформацияланбауға тиіс. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломбасы сақталуға тиіс. Осы қарапайым шарттардың кез келген бұзылуы құрылғыны ауыстыру үшін себеп болып табылады.
Сонымен қатар, өрт сөндіргіштің автокөліктің ішінде орналасуы қажеттігін ұмытпау керек. Баллонды жүк салғышқа лақтыра салудың қажеті жоқ. Өрт сөндіргішті салонға бекітіңіз, алайда қауіп туындаған жағдайда оған оңай жету үшін, тым алысқа орналастырмаңыз. Өрт сөндіргішті пайдалану жөніндегі нұсқаулықты елемеуге болмайды. Төтенше жағдайға дейін бірнеше минут бөліп пайдалану ережелерін оқу және есте сақтау керек.
Жану белгілері – түтін, жалын немесе бір түрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін бұзыңыз. Денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін, барлық жолаушылар көлік құралын тастап кетуге тиіс. Олардың міндеті – айналадағы жүргізушілердің назарын аудару.
Өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша әрбір автокөліктерде өрт сөндіру құралдарын көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана есіне алады. Сондықтан да, көліктегі өрттің орын алуына көп жағдайда автокөлік иелерінің тікелей өздері кінәлі. Электр жабдықтарының бұзылуы,жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам тұтанатыны белгілі. Соның нәтижесінде көлік санаулы 3-4 минуттың ішінде от-жалынға айналып үлгереді.Сондықтан да, төмендегі өрт қауіпсіздік ережелеріне назар аударғаныңыз жөн. Бұл сіздің жеке көлігіңіздегі өрттің алдын алуға септігін тигізері анық. Қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған көліктің қозғалтқышына ашық отты жағып (факел, ашық спиральды калорифер, паяльная лампа және т.б.) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес, аккумуляторды тікелей көлік құралдарына зарядтауға болмайды. Сондай-ақ, көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Көліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет. Автокөлікке міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек. Автокөліктің жылдамдығын арттырып, өртті сөндіремін деп ойламаңыз. Көлікті өшіріп, қолданбалы тежегішке қойып, жолаушыларды дереу көліктен шығарып, өрт сөндіру қызметіне 101 нөмірі арқылы хабарлағаныңыз жөн. Егер өрт жанармай құятын бак жақта болса, онда жағдай өте қиынға әкеп соғады. Ондай жағдайда қасыңыздағы адамдармен бірге машинадан қауіпсіз жерге тығылғаныңыз дұрыс. Себебі өртеніп жатқан көлік кез-келген секундта жарылуы мүмкін. Қақпақты ашқан кезде от ұшқындарынан сақ болыңыз. Капотты ашар кезде қолыңыз күймес үшін шүберекті пайдаланыңыз. Өрт сөндіру құралын жалынның ошағына бағыттап шашыңыз. Егер өрт сөндіру құралыңыз болмаса, басқа қолда бар құралдарды: құм, су, қар, брезент немесе жанғыш емес материалдарды пайдаланғаныңыз жөн.
Құрметті автокөлік иелері! Көлігіңіздің бұзылмай сізге ұзақ уақыт қызмет ету үшін және машинаңыз өртеніп, материалдық шығынға ұшырамас үшін көлігіңізді барынша күтіп ұстағаныңыз жөн. Егер өрт шыққан жағдайда, дереу 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлауды қаперіңізге беремін.Өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша әрбір автокөліктерде өрт сөндіру құралдарын көліктерін техникалық қараудан өткізетін кезде ғана есіне алады. Сондықтан да, көліктегі өрттің орын алуына көп жағдайда автокөлік иелерінің тікелей өздері кінәлі.
Автокөлік иелері нені есте сақтауы керек:
– әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
– автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
– аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
Көлікті тоқтатыңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Сорғыштың құлпын босатыңыз, бірақ сорғышты ашпаңыз.
Барлық жолаушыларды шығарыңыз.
Өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Егер қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз.
Өрт сөндіру кезінде мотор бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!