Қоғам

«Түркістан» әуежайында өрт сөндіру оқу-жаттығуы өтті

Түркістан облысы ТЖД өрт сөндірушілері Түркістан қаласындағы әуежайдың ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың барысында ауданы 80 шаршы метр шартты өрт жойылып, 120-ға жуық келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды және екі адам құтқарылды.

Мұндай жаттығулардың мақсаты адамдардың жаппай келетін орындарда өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін қолдану, жеке құрамның біліктілігін тексеру, ғимарат пен өрт сөндіру жетекшілерінің міндеттемелерін айқындау болып табылады.

Жаттығуға облыстық ТЖД жеке құрамының 70 адамы мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қатысты жаңалықтар

Төтенше: Газ пайдалану қауіпсіздігі

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

azatmedia

«СӘЛЕМ САЛУ – КЕЛІНДІК МІНДЕТІМ, ҮЛКЕНДЕРДІҢ БАТАСЫН АЛУ – МЕН ҮШІН МӘРТЕБЕ»

azatmedia