Қазақтың әрбір сөзі ерекше. Себебі тілдегі сөздердің астарлы айтары, олардың берер мәні-мағынасы тереңде жатады. Әр мезгіл, әр уақытқа, әр жағдайға байланысты айтылған ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер қазақ әдебиетінің қорында көптеп жиналған. Соның бірі «Еңбек» тақырыбына арналған мақал:«Еңбек етсең еленерсің,еңбегің екен елерсің,есің жиып етек жауып,елге жетіп теңелерсің» -деп айтылғандай, еңбек бәрін жеңбек. Қазіргі заман талабына сай адал ризықпен тапқан еңбектің наны тәтті болады. Адам еңбек арқылы өзінің бойындағы жаңа қырын тани бастайды, өзін сырттай зерттеп, бойындағы жалқаулығын женіп, еңбекке ұмтыла келеді. Туған жеріне, қоғамға қандай пайда әкеле аламын деп ой түйіп, соған сай әрекет жасай бастайды.Қазақта «Әр күннiң өз таңы бар, әр жанның ө зқамы бар»- деген нақыл сөзі бар. Бұл сөзден түйіндейтініміз: әр арайлап атқан таңымыз біз үшін Жаратушы Алла Тағаланың бізге берген бір мүмкіндігі екендігі. Біз сол мүмкіндікті қолданудамыз ба? Әр күнімізді қалай жоспарлаудамыз, қандай іс-әрекет жасаудамыз, ризығымызды адал жолмен табуға талпынудамыз ба, өмірімізді өзгертуге, өзіміздің жаңа қырымызды дамутуға ұмтылып жатырмыз ба әлде жалқаулыққа беріліп еңбектенуге немқұрайлы қарап жатырмыз ба деген сауал қоя білу керек өзіне адам баласы.Еңбек адамның дәре¬же¬сі мен қоғамдағы орнын айқындау арқылы көрінеді. Қазіргі қоғамдық санада кең етек алып кетуі мүмкін тоғышарлық, масылдық, енжарлық секілді әлеуметтік бағдарлар орнай бастағанда еңбек етуге деген ынта мен жігер азайып, жұмыс өнімділігі төмендей түсуде.«Еңбек – бәрін жеңбек» қоғамның ұранына айналу үшін де көзқарастық, ақпаратттық ықпал ету құралдары арқылы үздіксіз жұмыс жүргізілуі керек деп ойлаймын. Әсіресе еңбекті бағалау, өз саласының маманы болу, адал қызмет ету, тағы басқа құндылықтар басты назарда болғаны шарт.Қорыта келгенде, еңбек адамы идеясы жалпы халықты еңбекке жұмылдырып еңбек адамына деген құрметті арттыруы тиіс. А. Мұратбекқызы