Қоғам

Еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланды

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев кезекті семинар-кеңесті Төлеби ауданының білім бөлімінің «Нысанбек» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбекті насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігіне саналы көзқарасын арттыру болып табылады. Семинар барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев өз кезегінде сөз алып, «Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс. Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі» – деп, Кәсіподақтар Федерациясының 2024 жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялауына орай, Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушылармен бірге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық семинар өтті. Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алатау» жалпы білім беретін мектеп» КММ-і бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері Ерлан Жандарбеков пен кәсіподақ активінің қатысуымен семинар өтті. Жиында кәсіподақ мүшелеріне жұмыскерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен олардың міндеттері, мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары жайында және ҚР «Еңбек кодексі» енгізілген соңғы өзгерістер бойынша мағлұматтар берілді. Бұдан басқа, жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маман заңгері кәсіподақ мүшелеріне «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» мен «Заң клиникасы»-на жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау аясында қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді. Жиын соңында кәсіподақ мүшелері пікір алмасып, өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алды.Келелі кездесу болды.«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында «Лайықты еңбек жылы» аясында бірлесіп орындайтын іс-шара жоспары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарының жайы талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар ағымдағы жылы Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде де сөз қозғады. Жиын соңында әрбір кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Ветеринарлық қызмет мамандарымен кездесу өтті. «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің қатысуымен Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Төлеби аудандық филиалында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында Бердіғали Өмірәлі еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндірістік жазатайым оқиғалар мен еңбек дауларының алдын-алу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға биылғы 2024 жыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен «Лайықты еңбек жылы» болып жарияланғанын айта келе, бүгінде Түркістан облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басты қызметтері – еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мен лайықты жалақыға қол жеткізу екендігін айтып өтті. Жиын соңы марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, онда кәсіподақ төрағасы «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» мерекесінің қарсаңында өзінің біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет Грамоталарын табыс етіп, мерекеге орай барша қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Дін және мәдениет

azatmedia

Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік 

azatmedia

Мақсат — елді түбегейлі жаңғырту

azatmedia