Жаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасына енген маңызды нысандардың бірі –Түркістан қаласындағы 2000 орындық “Жайлы мектеп” құрылысы. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Тұрсынбайұлы Абдиев аталған құрылыс жүріп жатқан алаңда болып, құрылыс жұмыстарының деңгейін, сапасын бақылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үш ауысымды және апатты мектептердің тапшылығын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырған болатын. Президент айтқан жаңа мектептер ең заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталуы тиіс. Бастауыш және орта сыныптарды жеке асханалары, жуынатын бөлмелері, спорт залдары бар бөлек блоктарда оқыту ұсынылады. Осынау ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 49 мың оқушыны қамтитын 63 «Жайлы мектеп» салынады деп жоспарланған. Түркістан қаласының Жаңа қала аумағындағы 42 көшеде салынып жатқан заманауи білім ұясының құрылысы өткен жылы басталған нысандардың бірі.

«AMANAT» партиясы өзінің саяси тұғырнамасында білім, ғылым саласын дамытуға басымдық беріп, қаржыландыруды ұлғайту қажет деп атап өткен. «Білім мен ғылымға салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция» деп белгіленген. Аталған бағытта партияның 2023-2027 жылдарға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасында Сапалы білім беру үшін жағдай жасауға нақты индикаиторлар белгіленіп, олардың іске асырылуы партия өкілдерінің тұрақты назарына алынған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев өңірдегі Сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасы тармақтарының білім беру ұйымдары құрлысының орындалуы жөнінде мағлұмат берді. Бой көтеріп жатқан нысанның құрылыс жұмыстарының барысы жөнінде мердігер компания «Каратас Майнинг» ЖШС-і жауапты өкілі баяндады. Партиялық бақылауға алынған облыс орталығындағы 2000 орындық білім ұясы Жаңа қаладағы №42 көшеде орналасқан. Тапсырыс беруші «Samruk-kazyna Construction» болып танылған 4 қабатты нысанның құрылысын салуды мердігер компания «Каратас Майнинг» ЖШС-і қолға алған. Құны 8 млрд теңгені құрайтын ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 м². Білім ұясы 4 гектар аумақта орналасуда. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған мектепті биыл қараша айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Дәл қазір қас беттерін әрлеу, спорт залды сырлау және ішкі жұмыстар атқарылып, аула реттеліп жатыр. Мектептің мейлінше тез, сапалы бітуіне 170-ке жуық құрылыс мамандары жұмылуда.

Мәжіліс депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы ғимарат құрылысын бақылау барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау және үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу аясында осындай замануи, барлық жағдайы жасалған білім ошақтарының салынып жатқанына тоқталды. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында білім беру орындарының құрылысы маңызды екенін атап өтті. «2000 балаға арналған білім ошағының құрылысы қарқынды, өзінің кестесімен келе жатыр. Алайда, атауы «Жайлы мектеп» болған соң барлық жағынан жайлы, қолайлы болғаны дұрыс. Байқағаным, бастапқы жобада болған 2 лифтінің саны тапсырыс беруші тарапынан қайта түзетіліп, 1-еуге азайыпты. Ал, 2000 балаға 1 лифтінің болуы ақылға қонбайды. Осы жәйтті қайта қалпына келтіруді ұсынамын. Одан бөлек, мүгедек жандарға арналған механикалық сатыны пандусқа айналдыруды ұсынар едім. Себебі, механикалық саты көп жағдайда тез бұзылып қалады және оны арнайы бір маман үнемі қадағалап отыруы тиіс. Біз дәл қазіргі әдемілікті емес, оның адамдарға бірнеше жыл қызмет ететін жайлы, тиімді жағын қарастырумыз керек», — деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

БЕЛГІЛІ АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФ ШЫМКЕНТТІ ҚҰС САМҒАУ БИІГІНЕН ТҮСІРДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТАҒЛЫМДЫ ІСТЕН ТАРЫЛМАЙДЫ

azatmedia