Ақпарат

«AMANAT» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АЛАҢЫНДА СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТЫҢДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Қабылдауға келген Кентау қаласындағы «Бала және жасөспірімдер спорт» мектебінің директоры Қанатбек Шағатаев өзі басшылық ететін спорт мектебінің шатырын желдің ұшырып кеткенін, салдарынан ішіне су аққанын айтып шағымданды. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері басқарма басшысынан мектептің шатырын ауыстырып беруді, залды күрделі жөндеуден өткізуді сұрайды. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін сметасы жасалып қойған екен. Өтініш иесін тыңдаған Қанат Жарылқапұлы Кентау қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қыркүйек айында бюджеттік комиссияға ұсыныс беретінін айтты. Осынау жәйттің шешімін табуын назарда ұстайтынын жеткізді.

Ал, Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны Асқар Исабеков басқарма басшысынан ауылға спорт секциясын ашып, балалар алаңшасын салдырып беруге ықпал етуін өтінді. Сауран ауданына қарасты Қосмезгіл елді мекені бойынша зерделеу жұмыстары барысында онда спорт алаңшалары салынып, халыққа пайдалануға берілгендігі анықталды. Сонымен бірге, Қанат Жарылқапұлы өтініш иесіне спорт кешендерін салу үшін жергілікті жердің әкімдері Заң аясында халықтың спортпен айналысуы үшін инфрақұрылым жасайтынын түсіндіріп берді. Одан соң аудан әкімдігі тарапынан жер телімі анықталып, тиісті құжаттар толық рәсімделген жағдайда тиісті салалық басқармаларға спорт алаңы құрылысын жүргізу бойынша ұсыныстар жолдануы тиістігін айтты.

Қабылдауға жазылғандардың бірі Түркістан қаласы Шауғар секторының тұрғыны Әлия Ихласова қаладағы Әйтеке би және Б. Момышұлы мектептері төңірегінде спорт кешендері болмауы себебінен аталған білім ұяларында спорт үйірмелерін көбейтсе, деген ұсынысын білдірді. Сектор тұрғынын мұқият тыңдаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев Шауғар секторы бойынша құжаттарды көтеріп, ондағы М. Мақатаев көшесінде спорт сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, «VEK stroy» ЖШС мердігер мекеме жеңімпаз атанғаны туралы хабарламаны жеткізді. «Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Шауғар секторының тұрғындарын спортпен шұғылдануға тарту үшін қосымша спорт секциялары ашылады. Ендеше, аздап сабыр сақтасаңыздар барлық жағдайы жасалған сауықтыру кешені ел игілігіне беріледі»,–деді басқарма басшысы.

Партия алаңындағы қоғамдық қабылдауға келген әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы тіркеуге алынып, орындалу барысы қатаң бақыланатын болады.  

Қатысты жаңалықтар

Полиция Түркістан-аренада өткен премьер-лига барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етті

azatmedia

ТҮРКІСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛАРЫ БҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРҒА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

azatmedia

КӘСІПОДАҚ: ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

azatmedia