Соңғы жаңалықтар

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің облыстық кәсіподақ ұйымының ХХІІ есеп беру және сайлау конференциясындағы есепті баяндамада, жарыссөзде сөйлеушілер мен шақырылғандар тарапынан және аудандық, қалалық кәсіподақ конференцияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы; 2. Облыстық кәсіподақ комитетіне 2023 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары туралы. 3. Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 2024 жылғы мамыр-қараша айларында облыстық қоғамдық байқау өткізу туралы; 4. Түрлі мәселелер.

– Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің облыстық кәсіподақ ұйымының ХХІІ есеп беру және сайлау конференциясындағы есепті баяндамада, жарыссөзде сөйлеушілер мен шақырылғандар тарапынан және аудандық, қалалық кәсіподақ конференцияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен мәжіліске қатысушыларды таныстырды. Жоспарда көрсетілген мәселелерді орындау бойынша тиісті жұмыстар атқару, іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін айтып өтті. Айтылған мәселе бойынша Сарыағаш, Отырар, Шардара аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Е.Қасым, Ұ.Жұман өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

– Облыстық кәсіподақ комитетіне 2023 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады.

Бұл мәселеге байланысты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек өз ұсыныс, пікірін білдірді, әрбір аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз шағымдар мен өтініштерді уақтылы қарау, заң аясында жауап беру және шешу жолдарын, олардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау жұмыстарын басты назарға алу керектігін айтты.

– Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады. Облыстық кәсіподақ комитетінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілетін байқау жайлы кең ауқымды баяндап, мақсаты мен міндеттері, ережесін таныстырып, байқауды жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Байқауға қатысты Бәйдібек, Сауран, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары С.Әмзеева, Ф.Рысбекова және Қ.Анашев өз пікірлерін айтып, ережеде көрсетілген талаптарға сай байқауды өз деңгейінде өткізу бойынша жұмыстар жүргізетінін айтты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады. 

Қатысты жаңалықтар

Жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдар

azatmedia

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

azatmedia

azatmedia