Санатталмаған

АУЫЛДАСТАРЫ ҮЙ АЛЫП БЕРДІ

Келес ауданы, Бозай ауылдық округінен 1941-1945 жылдар аралығындағы ІІ-дүниежүзілік соғысқа Грибанов Петро Афанасович аттанып, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып, батыр атағымен елге оралған болатын. Кейіннен Сарыағаш ауданының құрметті азаматы атағы берілді. Петро Афанасовичтің қызы Татияна Грибанова Бозай ауылында ұстаздық етіп, талай шәкірт тәрбиелеп, елдің ыстық ықыласына бөленіп, елге қадірлі отбасы болған. Петро Афанасовичтің артында 4 ұл, 3 қыз қалған. Ұлдарының бірі Грибанов Андрей Петрович ауыл тұрғындарымен етене араласып, қазақ тілін еркін меңгерген, осыдан тура 5 жыл бұрын жұмыс бабына байланысты үш балаларымен (әйелі өмірден өткен) ауылдық округтегі тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған болатын. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, жұмысы жүрмей, ауылға қайтуға мәжбүр болады. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген бұрынғы көршілерін үйлеріне кіргізіп, Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне, жеңістің 75 жылдығына орай, ауыл тұрғындарынан көмек ұйымдастырып, бүкіл ел болып қаражат жинап, қайырымдылық танытып, аталған отбасыға тұрғын үй сыйлады. Ауыл тұрғындары тұрғын үймен қоса, тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етті. Туылып өскен ауылына көшіп келген А.Петрович бұлай тез арада баспаналы болатынын ойламағандығын, балаларының көз қуаныштарын сөзбен жеткізе алмайтындығын айтып, Қазақстан елінде, Бозай ауылында тұратындығын мақтан тұтатындығын, еліміздегі ұлтаралық татулықтың жоғары деңгейде екендігін айтып, ауыл тұрғындарына өз ризашылығын айтып, шексіз алғысын білдірді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру