«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері қатысушылармен еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, салалық кәсіподақтың қызметі және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы олардың құқықтары мен міндеттерін талқылады.
Жиын одан әрі марапаттау миссиясымен жалғасып, онда мекеме басшысы Рабиға Бейсебаеваны «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыповтың шешімімен «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.Рабиға Ермекбайқызы – мемлекеттік қызметте 41 жыл абыроймен қызмет атқарып келеді. Кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде қиын да, жауапкершілігі мол әлеуметтік саланы басқарып отыр. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, аудан халқын, мүгедектерді және жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі бірнеше өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында еңбек етіп келеді.
Марапат иесін кәсіподақ өкілдері марапатымен шын жүректен құттықтап, кәсіподаққа мүшелікке тарту мен кәсіподақ саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін өз ризашылықтарын білдіріп, ел абыройын асқақтатып, еліміздің дамуы жолындағы жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тіледі.