Жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің Кентау қаласындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті.
Жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, құзырлы орган өкілдері, сондай-ақ ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің аудандағы белсенді мүшелері, кәсіби медиаторлар, қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.
Алқалы басқосуда сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і ҚХА жанындағы құрылымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бақытжан Әшірбаев бүгінгі таңда Ассамблея еліміздің саяси өміріне әр түрлі қоғамдық, әлеуметтік саладағы ел азаматтарын тарту арқылы өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешімін табуға зор үлес қосып келе жатқанын атап етті.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірлік пен келісімді бұзуға бағытталған, этносаралық, тілдік және әлеуметтік негіздегі кез келген арандатушылықтың жолын кесу бойынша Кентау қаласы прокуратурасының прокуроры Бақберген Әбілқасымов, Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және алдын ала жою бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің өкілі Бекжан Исабай, Медиация тәсілінің сотқа дейінгі және соттағы тиімділігі мен артықшылығы жөнінде Түркістан облысы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова баяндама жасады.
Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі этносаралық тұрақтылықты сақтау бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

ҚОЛДАУ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚ КЕМ БОЛМАЙДЫ

azatmedia

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША БАЗЫНАСЫН БІЛДІРГЕНДЕР КӨП

azatmedia